«ҚТЖ-Жүк тасымалы» - «Ақтөбе» ЖШС филиалының Есеп айырысу орталығының жетекші инженер-программисті

от 375 821 KZT
ТОО «КТЖ-Грузовые перевозки»-«Ақтөбе» Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 5 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Келетін ақпаратты механикаландырылған және автоматтандырылған өңдеу.
  • Деректерді өңдеу жүйелерін және машинаның математикалық қамтамасыз ету жүйелерін жобалауға қатысу.
  • Сервер жабдықтарының ақпараттық қауіпсіздігін әкімшілендіру және бақылау.
  • Қаржы жүйесіне деректерді жүктеу және орындалған жұмыстар тізімдерінің және фактура-шоттардың нөмірленуін бақылау.
  • ЭЕМ де өңдеуге жататын ақпаратты, оның көлемдерін, құрылымдарын, енгізу, өңдеу, сақтау және ақпарат беру макеттері мен схемаларын, оны бақылау әдістерін анықтау.
  • Бағдарламалардың функционалдық тағайындауына сәйкестігін барынша толық тексеруді қамтамасыз ететін мәтіндік мысалдардың деректер көлемі мен мазмұнын анықтау.
  • Дайын бағдарламалық құралдарды пайдалану мүмкіндігін анықтау.
  • Енгізілген бағдарламалар мен бағдарламалық құралдарды қолдау.
  • Бағдарламаға енгізілген барынша көп шарттарды шешуді қамтамасыз ететін деректер жиынтығын анықтау, оны тексеруге дайындау бойынша жұмысты орындау.
  • Бағдармалармен жұмыс істеу нұсқауларын құрастыру, қажетті техникалық құжаттаманы рәсімдеу.
  • Бағдарламалауды автоматтандыру әдістерін, типтік және стандартты бағдарламаларды, трансляторларды, кіріс алгоритімдік тілдерді әзірлеу және енгізу.
  • Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын және есептеу техникасын пайдалану ережелерін мониторингілеу, сондай ақ аппараттық құрылғылар мен бағдарламалардағы ақауларды ескерту және/немесе жою.
  • Ұйымдастырушылық техниканы жоспарлы түгендеу жүргізу.
  • «SAP» жүйесінде «Жалпы жинақталған есептелген сомалар 17Т» ны тексеру, техникалық шоттарды жабу және «SAP» жүйесіндегі басқа әрекеттер.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Экономика; Есеп және аудит; Қаржы; Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл / қызмет бейіні бойынша 1‑санатты инженер лауазымында кемінде 3 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.