"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Тасымалдау процесінің дирекциясы" Қостанай пайдалану вагон депосының Есіл ӨТБ ағымдағы жөндеу шебері (1 топ учаскесі)
Лауазымдық міндеттер:
- Слесарлардың, электр (газ)дәнекерлеушілердің ауысым алдындағы медициналық тексеруден күнделікті өтуін бақылау;
- қызметкерлерге бастапқы, қайталама, жоспардан тыс, нысаналы нұсқама, сондай-ақ қауіптілігі жоғары аймақтарда жұмыс істеу тәртібі туралы ауысым сайын нұсқама жүргізу;
- ең аз еңбек, материалдық және қаржылық шығындары бар, вагондарды жөндеу мерзімдерін қысқарта отырып, вагондарды сапалы жөндеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
- ТОР, МПТРВ жұмысының технологиялық процесінің талаптарын және жылжымалы құрам қозғалысының қауіпсіздігіне бағытталған өзге де нұсқаулықтарды сақтау;
- технологиялық жабдықты тиімді пайдалануды, вагондарды жөндеу кезінде механикаландыру және автоматтандыру құралдарын енгізуді қамтамасыз ету;
- жұмысшыларды орналастыруды қамтамасыз ету, вагондарды жөндеу кезінде технологиялық процестердің сақталуын бақылау, олардың бұзылу себептерін жедел анықтау және жою;
- вагондарды жөндеуге байланысты барлық қажетті құжаттаманы (журналдарды жүргізу және т.б.) ресімдеуді қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/ орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары( вагондар) / теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, оның ішінде Вагондарды қараушы лауазымында кемінде 1 жыл/ кемінде 3 жыл, оның ішінде Вагондарды қараушы лауазымында кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.