"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі" филиалының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері

589 145 - 609 862 KZT
Мангистауское отделение магистральной сети Маңғыстау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Временная должность
 

Создана:

Берілген өтінім:
24

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Әлеуетті өнім берушілермен тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау рәсімін жүргізу үшін тендерлік құжаттаманың жобасын веб-сайтта орналастыру;
  • ескертулер болған кезде алдын ала талқылауды және бір шешім қабылдауды ұйымдастыру және өткізу;
  • веб-сайтта тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыру;
  • тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы бұйрықты әзірлеу және келісу, тендерлік комиссияның құрамын бекіту, тендерлік құжаттаманы бекіту;
  • бір көзден алу тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды Тапсырыс беруші мен сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта орналастыру;
  • тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілердің ашық тендерге қатысуға өтінімдерін қарауын ұйымдастыру және өткізу;
  • тендердің қорытындыларын шығару, тендердің қорытындылары туралы хаттаманы ресімдеу, тендерлік комиссия құрамының және оның хатшысының хаттамаға парақтап бұрыштама қоюы;
  • ашық тендер тәсілімен электрондық сатып алудың жеңімпазы деп танылған өнім берушінің ашық тендерге қатысуға өтінім құрамында ұсынылған құжаттардың түпнұсқаларын және/немесе нотариат куәландырған көшірмелерін олардың электрондық көшірмелеріне сәйкестігі тұрғысынан салыстыру рәсімін жүргізу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Маркетинг; Қаржы; Есеп және аудит; Құқықтану; Ақпараттық жүйелер; көлік, көлік техникасы және технологиясы; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 2 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.