"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының сатып алуды өткізу департаментінің жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру бойынша функционалдық бағыт менеджері (15 Грейд)
Лауазымдық міндеттер:
- Тәртіптің және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, оның ішінде сатып алудың санатты стратегияларын іске асыру шеңберінде бұйрықтардың жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады, кейіннен мемлекеттік тілге аудара отырып және уәкілетті тұлғаға бекітуге ұсына отырып, оларды Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен және еншілес ұйымдармен келісуді қамтамасыз етеді;
- Тәртіптің және Компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкес ӨҮК іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған тендерлік құжаттаманың жобаларын қалыптастырады, сондай-ақ оларды Компанияның қатысы бар құрылымдық бөлімшелерімен келісуді қамтамасыз етеді;
- Сатып алу нысанасын, сатып алу рәсімдерін өткізу күні мен орнын көрсете отырып, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды Тапсырыс берушінің веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта орналастыруды ұйымдастырады;
- Тендерлік комиссия хатшысының міндеттерін атқарады және жүктелген функцияларды тиісті түрде орындайды, соның ішінде:
- әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерін қарау;
- тендерлік комиссия отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру;
- отырыстарды өткізу үшін тендерлік комиссия мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету;
- Сатып алу құжаттамасын дайындайды және мынадай тәсілдермен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу рәсімдерін өткізуді ұйымдастырады: ашық тендер; екі кезеңді ашық тендер; төмендетуге арналған сауда-саттықты қолдана отырып, ашық тендер; қатысуы шектеулі тендер; баға ұсыныстарын сұрату;
- электрондық дүкен және тауар биржалары арқылы сатып алу, оның ішінде Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының, сондай-ақ Компанияның шешімдерімен айқындалған ұйымдардың қажеттіліктері үшін БСҚ-ны іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: экономика; менеджмент; қаржы; маркетинг; есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; құқықтану; көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.