Кассир(кеңесші)
Лауазымдық міндеттер:
Жолаушыларға онлайн-ресімдеу және жол жүру құжаттарын қайтару мәселелері бойынша консультациялық және практикалық көмек көрсету.Жолаушыларды «Күту парағына» қою кезінде сүйемелдеуді жүзеге асырады, енгізілген деректердің дұрыстығын тексереді, орын беру тәртібін және олар пайда болған кезде хабарлау шарттарын түсіндіреді.
Жеке кабинетте тіркеу, интернет-ресурстар және мобильді қосымшалар арқылы электрондық билеттерді ресімдеу тәртібін, сондай-ақ билеттерді қайтару тәртібін түсіндіру.
Дербес деректерді енгізу, енгізілетін ақпараттың дұрыстығы мен толықтығын қамтамасыз ете отырып, маршрутты, поезды, тарифті, ақы төлеу орны мен тәсілін таңдау кезінде жәрдем көрсету.
Тарифтердi қолдану шарттарын, ақша қаражатын қайтару ережелерi мен қайтару мерзiмдерiн түсiндiру.
Клиенттерге дисконттық карталардың түрлері және қолда бар жеңілдіктер бойынша консультация беру және түсіндірмелер беру.
Жолаушы поездарының қозғалыс кестесіндегі өзгерістер туралы, бос орындардың бар екендігі туралы жолаушыларды хабардар ету.
Тікелей қатынаста темір жол билеттері болмаған кезде клиентке бірнеше жүру кезеңдерінен тұратын қажетті жүру маршрутын таңдауға мүмкіндік беретін «Өтпелі маршрут» қызметін ұсыну.
Шағым-талап тәртібімен ақшалай қаражатты қайтаруға өтініштер қабылдайды.
«Күту парағы» қызметін пайдалана отырып, сайтта тіркелген жолаушылардың саны туралы есеп (тізілім) жүргізеді.
«Экспресс» АБЖ, «Мобиус» ФКҚ жүйесін сатудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалану
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)Саладағы мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Есеп және аудит; Қаржы; Экономика
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.