«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қаракеткен стансасының теміржол стансасы бойынша кезекшісі

от 227 219 KZT
Кызылординское отделение магистральной сети Қаракеткен а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 1 года Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

Станциядағы жағдаймен, функционалдық міндеттерді орындауға байланысты тапсырмалармен, пойыздық және техникалық құжаттамадағы жазбалармен, бұйрықтармен және нұсқаулармен танысады. СЦБ (МПЦ) құрылғыларын басқару аспаптарының және байланыс құралдарының жарамдылығын, сондай-ақ олардың түгендеу тізіміне сәйкес пломбаларының болуын тексереді.

Кезекшілікке кірісер алдында

Нысандық журналдарды толтыру

Станция ауысымының бүкіл жұмысына жедел басшылық жасауды және пойыздарды өткізу мен өңдеуді қамтамасыз ететін басқа қызметтердің жұмыскерлерінің іс-қимылдарын үйлестіруді қамтамасыз етеді.

Функционалдық міндеттерін орындау барысында

Журналдарды толтыру

Маневр басшыларының, тауар кассирлерінің, жүк пен багаж қабылдап-тапсырушыларының және ауысымдағы басқа да қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді және басқарады (жүк операциялары жүргізілетін бөлек пункттерде).

Тұрақты түрде

Журналдарды толтыру

ДУ-46 нысанындағы журналдағы жазбаларға сәйкес жол шаруашылығы, СЦБ және байланыс дистанциясы қызметкерлеріне және басқа қызметтерге технологиялық «терезелер» беру уақытын қамтамасыз етеді.

Функционалдық міндеттерін орындау барысында

ДУ-46 нысанындағы журналды толтыру

Станцияның ТРА талаптарына сәйкес барлық санаттағы пойыздарды кедергісіз қабылдау мен жөнелтуді, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін және жеке қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етеді.

Кезекшілік барысында

Тұрақты түрде

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша І деңгейлі журналды, ДУ-2 нысанындағы қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместігін есепке алу журналын (электрондық немесе қағаз түрінде) жүргізеді, станциялық жолдардың, маневрлік локомотивтердің, байланыс құралдарының және басқа техникалық құралдардың тиімді пайдаланылуын бақылайды.

Кезекшілік барысында

Тұрақты түрде

Пойыздық құжаттаманы жүргізеді: СЦБ кітабы, ескертулер кітабы, пойыздық телефонограммалар кітабы, диспетчерлік өкімдер журналы, дрезиналардың жөнелтілуін тіркеу журналы және белгіленген нысандағы басқа құжаттар.

Кезекшілік барысында

Нысандық журналдар мен бланкілер

Арнайы нысандық бланкілерді, аралықты иелену құқығына жазбаша рұқсаттарды, негізгі байланыс құралдары істен шыққан кездегі жазбаша хабарламаларды толтырады және оларды локомотив машинистеріне тапсырады.

Кезекшілік барысында

Нысандық журналдарға белгі қою, нысандық бланкілерді толтыру

Пойыз құрамдарын және вагондардың жеке топтарын техникалық тексеруге ВУ-14 кітабы бойынша ұсынады. Жүк операциялары үшін келген жеке вагондарды коммерциялық тұрғыдан қарайды (жүк операциялары жүргізілетін бөлек пункттерде).

Кезекшілік барысында

ВУ-14 нысанындағы журнал

Жүк фронттарына вагондарды уақтылы беру, орналастыру және жинауды қамтамасыз етеді (жүк операциялары жүргізілетін бөлек пункттерде).

Кезекшілік барысында

Есеп

Құрамдар мен жеке вагондарды ТРА-ның 3.10-тармағына сәйкес белгіленген нормалар бойынша тежеуіш башмактарымен уақтылы бекітуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ ДУ-67 журналында төселген және алынған башмактардың саны мен нөмірлерін тіркейді.

Кезекшілік барысында

ДУ-67 нысанындағы журнал

ССПС, МВПС және жеке локомотивтердің магистральдық желіге шығуы кезінде нормативтік-техникалық құжаттар талаптарына сәйкес құжаттарын тексереді.

Кезекшілік барысында

ССПС журналы

Теміржол көлігі объектілерінен жүк немесе материалдық құндылықтарды ұрлау фактілері анықталған жағдайда, сондай-ақ станция жолдарында, құрамдардың жанында немесе басқа теміржол объектілерінде күдікті бөгде адамдар байқалған кезде тікелей басшыны және тиісті қызметтердің қызметкерлерін дереу хабардар етеді.

Тұрақты түрде

Баяндама

ДУ-61 нысанындағы ескерту бланкілерін локомотив машинистеріне жеке тапсырады немесе олардың басқа қызметкерлер арқылы берілуін бақылайды.

Кезекшілік барысында

ДУ-61 нысанындағы бланк

Қалыптан тыс жағдайлар туындағанда, қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін пайдалану жұмысындағы қиындықтар кезінде ДНЦ-ны, станция бастығын және басқа да мүдделі қызметтердің қызметкерлерін дереу хабардар етеді, кедергілер жойылғаны туралы хабарлама алғанға дейін пойыз қозғалысын тоқтатады. Жолды (аралықты) жабу туралы бұйрықты күтпестен, көрші станцияның кезекшісіне басқа пойыздарды аралыққа жөнелтуге тыйым салу туралы нұсқау береді.

Кезекшілік барысында

Телефонограмма, баяндама

Пойызды қабылдау немесе жөнелту кезінде, сондай-ақ маневрлік қозғалыстар барысында пойыздарды өңдеуге немесе маневрлерге қатысатын қызметкерлерді парктік дауысзорайтқыш байланыс арқылы хабардар етеді.

Кезекшілік барысында

Ауызша нұсқау

Тежеуіш башмактарының болуын және есебін бақылайды, олардың жоғалуына жол бермейді.

Кезекшілік барысында

ДУ-67 нысанындағы журнал

АРМ ЛПК (КТСМ-02) мониторында станция арқылы өтетін жұп және тақ жүк және жолаушылар пойыздарын тәулік бойы бақылайды.

Кезекшілік барысында

Журналдағы белгі

Өз жұмыс орнында ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының талаптарына негізделген интеграцияланған менеджмент жүйесінің талаптарын енгізуге, сақтауға және қолдауға қатысады.

Кезекшілік барысында

Құжатталған ақпарат

Желілік құрылымдар қызметкерлерінің пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларын орындауын бақылайды.

Кезекшілік барысында

Есеп

Құжаттардың, мүкәммалдың және қатаң есептегі құралдардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Кезекшілік барысында

ПУ-80А, ДУ-46 журналдары

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Кезекшілік барысында

Есеп

Пойыздар, вагондар, контейнерлер, локомотивтер және басқа жылжымалы құрам бірліктері туралы хабарламалардың ақпараттық жүйелерге уақытылы, нақты және сапалы енгізілуін бақылайды.

Филиал шекарасындағы басқа мемлекеттерге тиесілі вагондардың болуын, олардың кедендік мерзімдерін және жеткізу мерзімдерін бақылайды, сондай-ақ оларды уақытылы тапсыруды қамтамасыз етеді.

Автоматтандырылған жүйелердің жұмысын, техникалық құралдардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің және байланыс арналарының тұрақты жұмысын талдайды.

АСОУП, АСУ СТ, АСУ ДКР, ГИДУрал, Winterm ақпараттық жүйелеріне ақпарат енгізудің толықтығын, уақыттылығын және дұрыстығын бақылайды және талдайды.

2021 жылғы 26 ақпандағы №25-Ц бұйрығына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік бойынша жұмысты ұйымдастыруды және бақылауды қамтамасыз етеді.

АСУ СТ Узел жүйесіне 201, 200, 202, 204, 226 хабарламалары бойынша (келу, жөнелту, өту, тастап кету) жүк және жолаушылар пойыздары туралы нақты ақпаратты уақтылы енгізеді.

Кезекшілік барысында

Есеп

СЦБ құрылғылары істен шыққан кезде пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын курбель арқылы дайындауға, оларды салма құлыптармен және аспалы құлыптармен бекітуге қатысады. Жолдардың, бағыттамалардың және қабылдау-жөнелту маршруттарының жылжымалы құрамнан бос болуын тексереді.

Кезекшілік барысында

ДУ-46 нысанындағы журнал

Жылжымалы құрам станция жолдарында ұзақ тұрған жағдайда ДС, ДНЧУ, ДНЦ, СПС және ССПС иелерін, оның ішінде Е-Телеграмм ақпараттық жүйесі арқылы уақытылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.

Кезекшілік барысында

Телеграмма, телефонограмма

Біліктілік талаптары:

Білімі

Міндетті және құпталады: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік), орта және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық.

Мамандығы:

Міндетті және құпталады:

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі): «Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)»;
- орта (техникалық және кәсіптік): «Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша)»;
- «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару».

Жұмыс тәжірибесі

Қызмет бағыты бойынша:

Міндетті және құпталады:

- жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі барларға – еңбек өтіліне талап қойылмайды;
- орта (техникалық және кәсіптік) білімі барларға – пойыз құрастырушы, пойыз құрастырушының көмекшісі, сигналшы, бағыттама қосынының кезекшісі, станция операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс;
- орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлығы барларға – пойыз құрастырушы, пойыз құрастырушының көмекшісі, сигналшы, бағыттама қосынының кезекшісі, станция операторы лауазымдарында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.

Басшылық лауазымдағы жұмыс тәжірибесі:

Міндетті: талап етілмейді.

Құпталады: талап етілмейді.

Дағдылары

Міндетті:

- маневрлік жұмыстарды маневр басшысы ретінде жүргізе білу;
- компьютерлік және ұйымдастыру техникасын пайдалана білу.

Құпталады:

- белгіленген есептілікті жасау және жұмыс нәтижелерін талдау тәртібін білу.

Қосымша талаптар:

1) еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;

2) тікелей басшының және Серіктестік басшылығының тапсырмаларын орындау;

3) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес іскерлік әдеп пен мінез-құлық қағидаларын, сондай-ақ корпоративтік мәдениетті сақтау;

4) құпиялылық талаптарын және Серіктестіктің жергілікті актілерін бұзбай, шынайы ақпаратты уақтылы ұсыну;

5) өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау және оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;

6) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптарын сақтау;

7) бағынысты персоналдың жұмысын жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау, тікелей бағынысты қызметкерлерге міндеттер қоюды және олардың қызметінің тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету, біліктілікті арттыруды ұйымдастыруды және кадрлық әлеуетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру мақсатында мыналарды жүзеге асыру:

а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;

б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;

в) жеке мүдделер Серіктестік пен Компанияның мүдделеріне қайшы келетін жағдайлар мен мән-жайларға жол бермеу. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда (немесе оның туындау мүмкіндігі болған кезде) бұл туралы жазбаша түрде тікелей басшыны немесе Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысын хабардар ету;

г) Серіктестік жұмыскерінің жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы белгілі болған кез келген дерек бойынша Компанияның «жедел желісіне» не өзінің тікелей немесе жоғары тұрған басшысына және/немесе Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;

д) Компанияның жұмыскерлердің этикасы мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының нормаларын сақтау;

е) Компанияның мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының нормаларын сақтау.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.