«KTZ Express» АҚ Стратегиялық серіктестермен жұмыс істеу жөніндегі департаментінің директоры

Зарплата не указана
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 6 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
34

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • Нарықтағы контейнерлік тасымалдар бойынша сатылымдарға мониторинг жүргізеді: барлық бағыттар, тасымал кезеңдері (маусымдылығы), бәсекеге қабілетті тарифтік мөлшерлемелер деңгейі бойынша.
  • Қоғамның контейнерлік және мультимодальды сервистерінің сатылым көлемін арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Клиенттерге бәсекеге қабілетті мөлшерлемелер ұсыну мақсатында көлік шығындарын барынша азайту үшін бәсекелестердің қолданыстағы тарифтік шарттарын талдайды.
  • Шарттар жасасу бойынша әлеуетті клиенттерге коммерциялық ұсыныстар жолдайды.
  • Шарттарды орындау барысында клиенттермен туындаған келіспеушіліктерді реттейді, шарт талаптары бойынша клиенттерге және Қоғам филиалдарына ресми түсіндірмелер жолдайды, шарттарды ұйымдастырушылық сүйемелдеуді (келісуді), өзгерту/толықтыруды (қосымша келісімдер жасасуды) және бұзуды қамтамасыз етеді.
  • Департамент қызметкерлерінің коммерциялық ұсыныстар дайындауы, шарттар, қосымша келісімдер, клиенттермен баға хаттамаларын жасасуы бөлігіндегі жұмыстарын бақылайды.
  • Департамент қызметкерлерінің көлік-экспедиторлық қызметтер көрсету бойынша жасалған шарттар деректерінің толық әрі дұрыс енгізілуін Қоғамның ақпараттық жүйесіне (ИРС-тасымалдар) бақылауды жүзеге асырады.
  • Департамент қызметкерлерінің Қоғамның ақпараттық жүйелерінде (Aikey CRM) Клиенттердің сұраныстары бойынша мөлшерлемелерді дайындау және есептеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.
  • Департамент қызметкерлерінің Қоғамның ақпараттық жүйелеріне және қағаз түрінде келіп түскен хаттарды уақтылы жабуын қамтамасыз етеді.
  • Дебиторлық берешекті және клиенттермен талап-арыз жұмыстарын жүргізуді бақылайды.
  • Қоғамның ақпараттық жүйелерінде (ИРС «Тасымалдар», CRM) тасымалдарды ұйымдастыру мен уақытылы жабылуын, оның ішінде шарттарға дұрыс байланыстырылуын, іске асыру есептерінің жүргізілуін және орындалған жұмыстар актілерінің рәсімделуін бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.