«KTZ Express» АҚ Шағымдармен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры
Лауазымдық міндеттер:
- Тасымалдарды сапалы әрі уақтылы жабуды (қызметтерді қабылдауды), сондай-ақ келісілген тарифтік шарттардың дұрыс қолданылуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- Қоғамның бизнес-процестерін автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларының орындалуын ұйымдастырады;
- Өзара есеп айырысу және салыстыру актілеріне қол қою бөлігінде жүк тасымалдаушымен өзара іс-қимыл жасайды, жасалған шарттарға сәйкес міндеттемелердің орындалуын бақылайды;
- Жүк тасымалдаушыдан бастапқы құжаттардың Бухгалтерлік және салықтық есеп департаментіне уақтылы ұсынылуын бақылайды;
- Жүк тасымалдаушылар бойынша шот-фактурамен расталмаған сомалардың көлемін бақылайды. Оларды азайту және өсуіне жол бермеу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
- Тәуекелдерді уақтылы анықтау, оларды жабу жөніндегі іс-шараларды бастамалау және наразылықтардың туындауына жол бермеу мақсатында жабылмаған тасымалдарға постмониторинг жүргізуді бақылайды;
- Орталық аппарат клиенттері үшін «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС-нің қосымша шығыстары бойынша наразылықтарды пысықтауды ұйымдастыруды және сүйемелдеуді бақылайды, оның ішінде олардың негізділігін тексеру, растайтын құжаттарды жинау, наразылықтарды ұсыну және келісу мен өтеу процесін бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Экономика; Есеп және аудит; Қаржы және кредит; Кеден ісі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 6 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.