«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» Көкшетау электрмен жабдықтау дистанциясы бөлімінің Угольки станциясының 1-топтық тарту қосалқы станциясы учаскесінің бастығы
- Тартқыш қосалқы станция бойынша электр шаруашылығына жауапты болып табылады;
- Қызмет көрсету шекарасындағы тартқыш қосалқы станцияның жұмысына техникалық және шаруашылық басшылық ету;
- Тартқыш қосалқы станция құрылғыларын ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуді уақтылы жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру;
- Тартқыш қосалқы станциялардың құрылғыларын күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қауіпсіздік техникасы және белгіленген технология қағидалары бойынша қызмет көрсетуші персоналдың нарядтарын, жұмыстарды жүргізуге өкімдерін және нұсқамаларын ресімдеу;
- Қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелер мен нормаларды сақтауын бақылау; ұжымда тәрбие жұмысын жүргізу, қарамағындағылардан ауысымдық-тәуліктік тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етеді және талап етеді;
- Ұстау қағидаларына сәйкес тартқыш қосалқы станция құрылғыларының жай-күйін тұрақты бақылау, ақауларды анықтау және оларды жоюды ұйымдастыру; ДГА-ның тұрақты әзірлігін қамтамасыз етуді және оны тиісті жағдайда ұстауды бақылау;
- Техникалық оқытуды, біліктілікті арттыруды, нұсқауды және тартқыш қосалқы станция персоналының лауазымдық нұсқаулықтар мен қағидаларды білуін мерзімді тексеруді ұйымдастыру, еңбекті қорғау күндерін өткізу;
- тартқыш қосалқы станциялардағы зақымдануды тез жою әдістеріне персоналды техникалық оқытуды ұйымдастыру;
- Жарғылық Карта РЗиА жұмысына бақылау жүргізу және авариялық ажыратулар бойынша ай сайынғы талдау жасау;
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/ орта техникалық, орта кәсіптік
- Мамандығы: теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы; электр энергетикасы; темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдықтары, салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу
- Жұмыс тәжірибесі: электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл / электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.