"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері

от 409 129 KZT
Костанайское отделение магистральной сети Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Временная должность
 

Создана:

Берілген өтінім:
2

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Әлеуетті өнім берушілермен тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылау рәсімін жүргізу үшін тендерлік құжаттама жобасының веб-сайтында орналастыру;
  • ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу туралы шешімді қалыптастыру.
  • ашық тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта орналастыру; 
  • тендерлік комиссияның әлеуетті өнім берушілердің ашық тендерге қатысуға өтінімдерін қарауын ұйымдастыру және өткізу, ашық тендердің қорытындыларын шығару.
  • әлеуетті өнім берушілерге қатысуға өтінімді және тендерді қамтамасыз етуді уақтылы қайтаруды бақылау;
  • Тапсырыс берушінің және сатып алуды ұйымдастырушының веб-сайтында және Қор айқындаған веб-сайтта баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарландыруларды орналастыру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: экономика; менеджмент; Қаржы; маркетинг; Есеп және аудит; ақпараттық жүйелер; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика және / немесе теміржол мамандықтары
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласында

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.