"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалының еңбек және жалақы бөлімінің жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Үстеме жұмыс уақытын, мереке, түнгі сағаттарды және демалыс күнгі жұмыс сағаттарын, маршруттық парақтарды есептеу бөлігінде жұмыс уақытын есепке алу табелін талдау, тексеру;
- жұмыс уақытын пайдалануды жақсарту және жұмыс күшін ұтымды орналастыру, штат санын оңтайландыру, оны ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, олардың орындалуын бақылау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу;
- еңбекақы төлеу қорының жұмсалуына бақылауды жүзеге асыру, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде талдау және шаралар қабылдау
- ұйымдастыру, нормалау және еңбекақы төлеу мәселелері бойынша бұйрықтардың жобаларын дайындау
- жұмыс уақытының кестелерін, жұмыстың ұтымды режимдерін әзірлеуге қатысу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- кәсіптер мен лауазымдардың атауларын, разрядтарын белгілеудің, тарифтік ставкаларды, лауазымдық айлықақыларды және басқа да төлемдерді қолданудың, разряд ішіндегі интервалдарды (лагтарды)берудің дұрыстығын бақылау;
- хронометраждық және басқа бақылауларды қолдану арқылы жұмысшылардың барлық санаттарының жұмыс уақытын пайдалануды зерттеу, жұмыс уақытының жоғалуын талдау, еңбек өнімділігінің өсу резервтерін анықтау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: экономика; Қаржы; Есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.