"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Шымкент бөлімшесі" филиалының Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының 2 класты Манкент ст. 2 тобы учаскесінің (байланыс желісі ауданының) бастығы
- Қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жабдықтардың жарамды жай-күйін, апатсыз және сенімді жұмысын, оларды дұрыс пайдалануды, уақтылы сапалы жөндеу мен жаңғыртуды қамтамасыз етеді;
- техникалық құралдарды орнатуға, орналастыруға, монтаждауға және тексеруге қатысады;
- бригаданың технологиялық процесті, құрылғыларды пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі Қағидаларды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
- аппаратураның жай-күйі мен жөнделуіне техникалық қадағалауды қамтамасыз етеді;
- материалдар мен электр энергиясын үнемді жұмсау бойынша іс-шаралар өткізеді. Бекітілген жабдықты тексеру және ағымдағы жөндеу жоспарларын жасайды. Аппаратураның істен шығу себептерін талдайды және олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
- схемалардың, сипаттамалардың, аспаптардың сақталуын, қызмет көрсетілетін жабдыққа техникалық паспорттар мен формулярларды толтыруды қамтамасыз етеді;
- бекітілген техникалық құралдардың сенімділігін, жұмыс сапасын арттыру, қолданыстағы құрылғыларды игеру және жаңғырту, жабдықтардың аварияларының себептерін тексеру және авариялар мен өндірістік жарақаттанудың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)/орта техникалық, орта кәсіптік
- Мамандығы: теміржол көлігіндегі Электр энергетикасы; электр энергетикасы; темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдықтары, салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болған кезде: қызмет бейіні бойынша электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл, орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.