Бас менеджер (17 грейд) қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің ішкі қозғалыс қауіпсіздігін бақылау
- Жетекшілік ететін шаруашылықтарда жол берілген қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына олардың себептерін, салдарын, қауіптері мен тәуекелдерін, қатысы бар қызметкерлердің кінәсінің дәрежесін, сондай-ақ қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын дұрыс жіктеу мен есепке алуды анықтай отырып, жедел тергеп-тексерулер жүргізеді;
- жол шаруашылығында, сигнал беру және байланыс, электрмен жабдықтау шаруашылықтарында қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу бойынша жұмыстар жүргізеді;
- қозғалыс қауіпсіздігі және профилактикалық жұмысты ұйымдастыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ішкі және сыртқы құжаттамалардың талаптарын орындау мәселелері бойынша тексерулер (ревизиялар) жүргізеді, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі түзету іс-шаралары жоспарларының іске асырылуына кейіннен мониторинг жүргізе отырып, олардың нәтижелерін ресімдейді;
- жетекшілік ететін шаруашылық кәсіпорындары басшыларының қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар және оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы мерзімді тыңдауларына материалдар дайындау бойынша жұмыс жүргізеді;
- компанияның құжаттамасын уақтылы өзектендіру мақсатында тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде ҚР НҚА-да, компанияның жергілікті актілерінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыстар жүргізеді;
- жетекшілік ететін шаруашылықтардың басшыларын тыңдау қорытындысы бойынша қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау бойынша жұмыстар жүргізеді.
- Білімі: жоғары.
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер, вагондар, локомотивтер-вагон жасау, көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Автоматтандыру және басқару (Темір жол көлігі мен метрополитендегі Автоматика, телемеханика және байланыс); Электр энергетикасы (темір жол монтерлерін электрмен жабдықтау).
- Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігі ұйымдарындағы тиісті шаруашылықтың бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Мыналарды: қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тасымалдау процесіне қатысушылардың ағымдағы қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасының және компанияның жергілікті актілерінің талаптарына сәйкестігін бағалай білуге, себептерін анықтай отырып, қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуын объективті түрде тексере білуге тиіс. Қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін қауіптер мен тәуекелдерді анықтау және талдау, қозғалыс қауіпсіздігін бұзудан болатын ықтимал зиянды азайту үшін басқару шешімдерін қабылдау.
Опыт работы по направлениям
Қызметкерлерді басқару, тренингтер, Қауіпсіздік, Транспорт, логистика
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.