локомотив диспетчері

441 000 - 457 000 KZT
«ҚТЖ «ҮК» АҚ - «Тасымалдау процесінің дирекциясы» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

- Бөлімше бойынша кезекшімен, поездық диспетчерлермен және депо бойынша кезекшілермен бірлесіп локомотивтер мен локомотив бригадаларының жұмыс қозғалысы (шаруашылық, жүк) түрлері бойынша өңірдің пайдалану жұмысының ауысымдық-тәуліктік жоспарымен локомотив пайдалану депосының құрылымдық бөлімшелерін қамтамасыз ету
-Локомотив бригадаларының сапарға келу уақытын уақтылы түзету үшін ауысымдық-тәуліктік жоспардағы және поездық жағдайдағы барлық өзгерістер туралы депо бойынша кезекшілерді алдын ала хабардар ету
- Негізгі және айналым деполарынан, айналым станцияларынан пойыздарды үздіксіз қамтамасыз ету және беру үшін локомотивтер мен локомотив бригадаларының сапалы реттеуі
- Поездар қозғалысының кестесінде белгіленген айналым учаскелерінің шекараларында локомотивтерді бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ өңір шекараларында орналасқан локомотив деполарының тіркелген паркінің локомотивтерінің орналасуы туралы ақпаратты иелену

Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); локомотивтер және локомотив шаруашылығы Жұмыс тәжірибесі: кемінде 4 жыл, оның ішінде сыныптан тыс, 1 немесе 2-сыныпты станция бойынша кезекші/ маневрлік диспетчер/локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы/ локомотив депосы бойынша кезекші кемінде 2 жыл

Опыт работы по направлениям
Қауіпсіздік, Өндіріс, Транспорт, логистика

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.