"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Жем стансасының (1 класс) маневрлік диспетчер
Лауазымдық міндеттер:
1) Стансадағы ахуалмен, вагондарды беру және тазалауға өтінімдермен, алдағы жұмыстар жоспарымен танысады және планерлық кеңесте ауысымның назарына жеткізеді;
2) маневр аудандарының, кірме жолдардың жұмыстарын үйлестіреді;
3) Бос вагондардың қайтадан құрастыру, құрастыру, жөнелту бойынша ауысымдық тапсырмалардың орындалуын, стансаның барлық техникалық құралдары кешенін тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
4) жұмыста ГИД-Урал бағдарламасын, стансаның Техникалық-басқарушы актілеріне сәйкес қажет ақпаратты сұрай отыра қолданады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік).
- Мамандығы: білімі жоғары болса: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі), білімі орта болса (техникалық немесе кәсіптік): Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және қозғалысты басқару (сала бойынша);
- Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болса: 2 жылдан кем емес, соның ішінде станциялық орталықтандыру посты кезекшісі/парк бойынша кезекші/станса бойынша кезекші класстан тыс, 1-3 класс/сұрыптау дөңесі кезекшісі лауазымында; білімі орта болса (техникалық немесе кәсіптік): 3 жылдан кем емес, соның ішінде станциялық орталықтандыру посты кезекшісі/парк бойынша кезекші/станса бойынша кезекші класстан тыс, 1-3 класс/сұрыптау дөңесі кезекшісі лауазымында
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.