Әуе электр желісін жөндеу жөніндегі электрмонтері Қазақстан станциясы, Ақтөбе электрмен жабдықтау дистанциясы

210 279 - 220 173 KZT
Актобинская дистанция электроснабжения Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  1. Әуе желілері мен КТП, ТП, ЦРП жабдықтарын қарап тексерумен айналып шығу және аралау жұмыстарын жүргізу, анықталған ақауларды тіркеу және белгіленген мерзімде жою.
  2. Автоблоктау желілері құрылғыларын, КТП, ТП, ЦРП және әуе электр беру желілерін ағымдағы күтіп ұстау және жөндеу жұмыстарына жылдық жоспарға, бекітілген технология мен қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес тікелей қатысу.
  3. Тіректерге жоғарғы тексеріс жүргізу, сымдардың салбырауын реттеу.
  4. Ағаш тіректердің шіруін тексеру, нөмірлеу, түзету немесе ауыстыру, қосалқы бөліктерін бөлшектеу және ауыстыру, ағаштарды кесу.
  5. Жоғары кернеулі автоблоктау желілерін, толқынөткізгіштерді жөндеу, күштік тіректерді тексеру.
  6. 10–0,4 кВ кабель желілерінің трассаларын қарап тексерумен айналу.
  7. Кабельдік ұштар мен соңғы муфталардың жағдайын тексеру және сынау.
  8. Кабель муфталарын және тіректердегі кабель ұштарын монтаждау; кабель желілерін мегомметрмен сынау; муфталар мен кабель арналарына жер қазу жұмыстарын жүргізу, жүк көтергіш механизмдерді қолдану.
  9. Қарап тексеру, жағдайын тексеру, жөндеу, МВ, ВН, жоғары кернеулі ажыратқыштарды, РВ ажыратқыштарын, разрядниктерді, кабель ұштарын, сақтандырғыштарды калибрлеу (10 кВ), ток және кернеу трансформаторларын ТП, КТП, ЦРП-де тексеру және реттеу.
  10. Күштік трансформаторларды тазалау және жөндеу, ауыстырып қосу, майды сынамаға алу, құю және төгу; МВ жетектерінің жоғары кернеулі ұяшықтарының жағдайын тексеру және жөндеу.
  11. Токты өлшеу, сақтандырғыштардың калибрлену дұрыстығын тексеру; рубильниктердің, сақтандырғыштардың, автоматтардың, контакторлардың жағдайын тексеру, жөндеу, реттеу; ішкі жарықтандыруды, есеп құралдарын, вольтметрлерді, амперметрлерді монтаждау және баптау.
  12. Сыртқы жарықтандыру шамдарын ауыстыру, орнату, бөлшектеу; шамдарды ауыстыру; тіректер мен ілгектердегі жарықтандыру құралдарының жағдайын тексеру және жөндеу.
  13. Қорғаныс және монтаж құралдарын, құрылғылар мен аспаптарды күнделікті тексеру, ақаулы құралдарды дер кезінде алып тастау.
  14. Электромонтерлер мен басқа жұмысшылардың қауіпсіздік техникасы ережелері мен жұмыс жүргізу технологиясын сақтауын қадағалау.
  15. Белгіленген тәртіппен медициналық тексеруден және қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өту.
  16. Теміржол көлігі объектілеріндегі жүк пен материалдық құндылықтардың ұрлану жағдайлары туралы барлық қолжетімді байланыс арналары арқылы дереу хабарлау: энергодиспетчерге, пойыз диспетчеріне, станция кезекшісіне, ЛОВД, ВОХР қызметкерлеріне және т.б.

 

 

Біліктілік талаптары:

БІЛІМІ: Орта (техникалық және кәсіптік), белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық

МАМАНДЫҒЫ: Электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсетужәне теміржолдардың электротехникалық жүйелерін жөндеу, электр техникасы
 
ЕҢБЕК ӨТІЛІ: Жұмыс өтіліне талап қойылмайды

Қосымша талаптар:

Қосымша талаптар: кәсіби қызметті реттейтін нормативтік актілерді білу

 

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.