«ҚТЖ-Жүк тасымалы» - «Ақтөбе» ЖШС Ақтөбе локомотив пайдалану депосының жөндеу және бақылау бөлімі бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Локомотивтерді уақытша резервке (ВРЛ) қою және оларды шығару кезінде құжаттаманы рәсімдеу.
- Қауіпсіздік техникасы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету.
- Жөндеу технологиясының сақталуын, локомотивтерге сервистік және техникалық қызмет көрсету сапасын Сервистік орталықтарда тексеруге қатысады, тексеру актілерін жасайды.
- Локомотивтердің техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асырады.
- Жаңа технологиялық процестерді игеру және оларды өндіріске енгізу бойынша тәжірибелік жұмыстарды қарастыруға және жүргізуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық жұмыстардың (ҒТЖ), жаңа техниканың жоспарларын әзірлеуге, технологияны жетілдіруге және өндірістік қуаттарды арттыруға бағытталған ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысады.
- Атқарылатын жұмысқа байланысты анықталған барлық бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы кез келген кезеңде (жұмыс басталар алдында, жұмыс барысында, жұмыс аяқталғаннан кейін) басшыға баяндау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы).
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 4 жыл, оның ішінде мына лауазымдарда: бөлім бастығының орынбасары / локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы / негізгі (айналымдық) локомотив депосының кезекшісі / локомотивтерді қабылдаушы (локомотив депосы).
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.