"ӘТЖК" ЖШС Достық филиалының өңіраралық жедел әрекет ету №2 мобильді тобының күзетшісі (жүргізушісі)
Лауазымдық міндеттер:
- Қорғалатын номенклатуралық жүктерге қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу және профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, ұрлыққа дайындық немесе ұрлық жасау әрекеттерінің іздерін анықтау мақсатында күдікті бөгде адамдарды табу;
- Жүктерді ұрлау әрекеттерін болдырмау мақсатында бөгде адамдардың кіруі мүмкін орындарда фото және бейнетүсірілімді пайдалана отырып бақылау жүргізу;
- Қызмет көрсету учаскелерін (станция парктері, тұйықтар, разъездер, кірме жолдар және т.б.) зерттеу, ұрлық жасауға ең қолайлы орындарды анықтау, сондай-ақ криминогендік учаскелер картасын қалыптастыру;
- Өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда жүк және транзиттік контейнерлік пойыздарға жария және жасырын физикалық күзетпен ілесіп жүру, сондай-ақ локомотивсіз қалған пойыздарды күзетуді қамтамасыз ету;
- Көліктегі полицияның желілік бөлімшелерімен бірлесіп, темір жолдың криминогендік учаскелерін (станция парктерінде, аралықтарда, разъездерде және т.б.) анықтау және пысықтау бойынша мақсатты алдын алу-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
- Номенклатуралық жүктерді ұрлау (жоғалту) жағдайларына жедел әрекет ету, сондай-ақ көліктегі полицияның желілік бөлімшелерімен бірлесіп, ұрлық орындарын, қылмыс іздері мен құралдарын, ұрланғанды табу, күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу;
- Белгілі бір жерде (станцияларда, аралықтарда, разъездерде және т.б.) жасырын тосқауыл іс-шараларын жүзеге асыру, сондай-ақ ұрланған жүкті табу орындарына жақын немесе күдіктілердің жүкті алып кетуі ықтимал бағыттарда тосқауыл қою арқылы оларды ұстау;
- Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұрлық жасады деп күдіктелген немесе ұрлық жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткізу, қылмыс құралдарын және басқа да заттай дәлелдемелерді тапсыру;
- Қызмет көрсету учаскелерінде станция парктеріндегі әскери күзеттің ұйымдастырылуын, жүк және транзиттік контейнерлік пойыздардың күзетпен ілесіп жүруін, локомотивсіз қалған пойыздардың күзетпен қамтамасыз етілуін, профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуін бақылау және тексеру (оның ішінде кенеттен) арқылы күзет нарядтары мен филиалдардың жедел әрекет ету мобильді топтарының функционалдық міндеттерін бұзуға жол бермеу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (арнайы оқу орталығында бастапқы дайындық курсын аяқтағаны туралы куәліктің болуы міндетті).
- Жүргізуші куәлігі: В, С санаты.
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.
- Жасы: 35 жасқа дейін қоса алғанда.
Қосымша талаптар:
Конкурс комиссиясының отырысына дейін кандидат тиісті медициналық қорытынды болған жағдайда, ТОО «ВЖДО» Бас директорының 12.02.2025 ж. №14-ң/қ бұйрығымен бекітілген дене шынықтыру нормативтерін тапсыруы тиіс:
- «100 метрге жүгіру» жаттығуы;
- «Шаттл жүгіру» (10 метрді 10 рет) – қатты беті бар жүгіру жолында немесе басқа алаңда орындалады;
- «Турникке тартылу» жаттығуы – бастапқы қалып: жоғарыдан ұстап ілу;
- «Күштік жаттығулар кешені»:
- қолды бүгіп-жазу (10 рет);
- толық отырып тұруға көшу (10 рет);
- толық отырып тұрудан секіру (10 рет);
- шалқасынан жатып, денені көтеру (10 рет). Жаттығулар үзіліссіз орындалады.
- «1000 метрге жүгіру» жаттығуы.
Жас шектеуі: 35 жасқа дейін қоса алғанда. Бойы: кемінде 175 см.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.