1-санаттағы маман - «Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Достық филиалының Достық станциясындағы атқыштар командасының жауынгерлік кәсіби және дене шынықтыру даярлығы жөніндегі инженер

от 318 014 KZT
Достыкский филиал ВЖДО Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
1

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қару-жарақ бөлмелеріне қойылатын талаптардың сақталуын, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2019 жылғы 01 шілдедегі № 602 бұйрығына сәйкес келуі тиіс күзет-өрт дабылының жарамдылығын бақылауды жүзеге асыруға;
  • филиал бөлімшелерінде жылына кемінде екі рет қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және арттехмүліктің нақты болуын есепке алуды жүргізуге және комиссиялық тексеруді жүзеге асыруға;
  • бөлімшелерде оқу-жаттығу атыстарын жүргізуді, сондай-ақ оқ-гильза қоймасына қару атуды және қызметтік қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұйымдастыруға;
  • қызметтік қару мен арнайы құралдарды қолдану фактілерін тергеуге қатысуға;
  • команда бастықтарымен бірлесіп қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды уақтылы есептен шығару жөнінде құжаттар дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Логистика; Автоматтандыру және басқару; Менеджмент; Ақпараттық жүйелер; Инженерлік жүйелер; Көлік Құрылысы (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы).
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, немесе темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.