«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - Ақмола магистральдық желі бөлімшесі жол қозғалысын басқару техникалық бөлімінің өндірістік оқыту шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Станциялардың техникалық класын техникалық құжаттамамен, стендтермен, плакаттармен, маркерлік тақталармен, ұйымдастыру техникасымен және т.б. техникалық жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізеді;
- жоспар негізінде техникалық сабақтар өткізу үшін конспектілер жасайды;
- станция басшыларын ай сайын, тоқсан сайын, жылдық тыңдау кезінде станция басшыларының орындаушылық тәртібі бойынша материал дайындайды;
- станция және депо қызметкерлерімен техникалық сабақтар жүргізу аяқталғаннан кейін қолда бар байланыс құралдары бойынша станция және депо қызметкерлерін техникалық оқыту бөлігінде атқарылған жұмыс туралы өндірістік-техникалық бөлім бастығына баяндайды.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: станция бойынша кезекшіден, маневрлік, станциялық поезд диспетчерінен төмен емес поездар қозғалысын ұйымдастырумен байланысты лауазымдарда кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.