«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақтөбе жол дистанциясының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, үйлестіруді және жоспарлауды жетілдіру, еңбекті қорғау жай-күйін бақылау, еңбекті қорғаудың жай-күйін есепке алу, талдау және бағалау, еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
- Еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты жоспарлау;
- Магистральдық желі дирекциясы және Магистральдық желі Ақтөбе бөлімшесінің жолдар және құрылыстар департаментінің тиісті бөлімшелерімен және мамандарымен өзара іс қимыл жасай отырып, Дистанциядағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды одан әрі жақсарту жөніндегі іс шаралардың жылдық және перспективалық жоспарларының жобаларын қалыптастыру және бекітуге ұсыну;
- Дистанция басшыларымен бірлесіп өндірістік жарақаттануға талдау жүргізеді және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылау;
- Өндірістік жарақаттанудың алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастырады және еңбек жағдайларын одан әрі жақсартуға ықпал ету;
- Жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу және материалдарды ресімдеу;
- Өндірістегі жазатайым оқиғалардың есебін жүргізеді, белгіленген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде еңбекті қорғау жөніндегі есептілікті жасау және ұсыну;
- Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің озық тәжірибесін зерделеу және жинақтау, осы тәжірибені Дистанцияда енгізуді ұйымдастыру, еңбекті қорғау бойынша байқау - конкурстар, семинарлар мен мектептерді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
- Дистанция қызметкерлерінің еңбегін қорғау бойынша сабақтар өткізу және білім деңгейін тексеруді ұйымдастыру;
- "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау" АЖ жүйесіне жазбалар енгізу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (темір жол құрылысы; Жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.