«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы экономика бөлімінің бастығы

Зарплата не указана
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Не менее 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Сыртқы ұйымдарға, АҚ филиалдарына, АҚ үлестестеріне қызметтерді төлеу бойынша шығындардың және шаруашылықтар бойынша басқа да шығындардың талдамалық есептерінің қалыптастырылуын ай сайын және жинақталған түрде бақылау;
  • Шығындар баптары бойынша шығындар жоспарының тоқсан сайынғы көрсетілуін ВФО-21,21-А, 22, 24,25 есептік нысандарда, НЖС шаруашылықтары шеңберінде қалыптастыру;  
  • Ай сайын және тоқсан сайын шығындардың орындалуы бойынша шаруашылықтар шеңберінде және түсіндірме жазбалар мен селекторлық кеңестер үшін жиынтық кестелер қалыптастыру;  
  • НЖС бойынша тұтастай операциялық қызметінің шығындар Жоспарын қалыптастыру және с.с.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Статистика.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласы бойынша 3 жылдан кем емес, соның ішінде қызмет саласы бойынша басқарушы лауазымдарда 1 жылдан кем емес.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.