"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Қандыағаш вокзалының вокзал бастығының кезекшісі көмекшісі
Лауазымдық міндеттер:
1) белгіленген режиммен және технологиялық процеске сәйкес ауысым кезінде вокзалдағы барлық қызметтер мен құрылғылардың бірқалыпты және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бұзылған жағдайда тиісті актілерді жасап, вокзал басшылығына хабарлау;
2) күту бөлмесіндегі, платформадағы жолаушылардың қолайлығы үшін барынша жағдай жасау үшін қажетті шараларды қабылдау, қарт адамдарға, балалары бар жолаушыларға, ұйымдасқан жолаушылар топтарына және балаларға назар аудара отырып;
3) пойыздарға жолаушылардың қауіпсіз отырғызу/түсіруін ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
4) жолаушылар ағынын кіру/шығу топтарында бөлу, жолаушылардың және келушілердің вокзал ғимаратына кіру/шығу тәртібін сақтауды қамтамасыз ету, серпілден және жаншақтауды болдырмау және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес деңгейде білу немесе орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: білімі жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) болса: Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялар; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қарекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Ғимараттар мен құрылыстарды салу; Электрэнергетика, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көлік техникасы және технологиялар, механикаландыру және автоматтандыру. Білімі орта (техникалық және кәсіптік) болса: Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігіндегі қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы.
- Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) болса: вокзал бойынша кезекші/перрон бойынша кезекші/анықтама беру бойынша кезекші лауазымында 2 жылдан кем емес; білімі орта (техникалық және кәсіптік) болса: окзал бойынша кезекші/перрон бойынша кезекші/анықтама беру бойынша кезекші лауазымында 3 жылдан кем емес
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.