«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Ақпараттық технологиялар департаментінің SAP базасында АТ жүйелерін дамыту секторының менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- SAP жүйесінің модульдерін дамытуды жүзеге асырады (оның ішінде ТҚжЖ АБЖ);
- енгізілетін функционалдылық бойынша құжаттамаларды (ТТ, ТС, ТЖЖ, өзара әрекеттесу регламенттерін, пайдаланушы нұсқаулықтарын және т. б.) әзірлейді;
- пайдаланушыларды SAP жүйесінің әзірленген функционалдығымен жұмыс істеуге оқытуды жүзеге асырады;
- АТ жүйелерін енгізу, дамыту, пайдалану және сүйемелдеу мәселелері бойынша «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы», «Бас есептеу орталығы» Компания филиалдарымен, жетекшілік ететін филиалдарымен өзара іс - қимыл жасайды;
- Дирекцияда өндірістік активтерге техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді басқарудың автоматтандырылған жүйесін (ТҚжЖ АБЖ), оның ішінде жол шаруашылығының қосымша функционалдығын енгізу бойынша жұмыстар жүргізеді;
- Жол шаруашылығының ТҚжЖ АБЖ-да нормативтердің дерекқорын қалыптастыру және өзектендіру бойынша жұмыстарды орындайды;
- Жол шаруашылығының ТҚжЖ АБЖ-да ақаулар каталогтарын, инфрақұрылым ақауларының туындау себептерін қалыптастыру және өзектендіру бойынша жұмыстарды орындайды;
- Жол шаруашылығының ТҚжЖ АБЖ-да активтер дерекқорын уақтылы құру және өзектендіру бойынша жұмыстарды орындайды;
- Жол шаруашылығының ТҚжЖ АБЖ-да инфрақұрылым активтерінің жіктеуіштерін қалыптастыру және өзектендіру бойынша жұмыстарды орындайды;
- Деректерді қорғау және SAP жүйесіне қол жеткізу жөніндегі регламенттердің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару (автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі байланыс); Информатика; Ақпараттық жүйелер; Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Электр энергетикасы және/немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.