«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Ақтөбе жол дистанциясының өндірістік оқыту шебері

410 783 - 429 234 KZT
Актобинская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 10 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Жұмысшыларға, мамандарға, орта буын басшыларына өндірістік оқытуды ұйымдастырады және өткізеді, сондай-ақ басшы қызметкерлер мен мамандардың біліктілігін арттыруды және цехтар мен учаскелерде техникалық оқытуды қамтамасыз етеді.
  • Белгілі бір лауазым санаттары үшін техникалық оқытудың жылдық жоспарларын құрастырады және оларды барлық цехтар мен учаскелерге жеткізеді.
  • Техникалық оқытудың барлық түрлері мен нысандары бойынша оқу-әдістемелік жұмыстарға басшылық жасайды.
  • ПТЭ, ИСИ, ИДП және лауазымдық нұсқаулықтар бойынша білімді тексеруге арналған барлық лауазым санаттары үшін билеттер (сұрақтар) дайындайды.
  • Тақырыптық жоспарға сәйкес конспектілер жасайды.
  • Бұйрыққа сәйкес барлық лауазым санаттары үшін тесттер құрастырады.
  • Техникалық оқыту бойынша жұмыстың есебін жүргізеді, оқыту нәтижелерінің сапалық көрсеткіштерін және оның тиімділігін талдайды, белгіленген есептілікті жүргізеді.
  • Цехтар мен учаскелерде өткізілетін техникалық сабақтардың жүйелілігін, сапасын, тыңдаушылардың үлгерімін, оқу мерзімдерінің сақталуын, оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындалуын, құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылайды.
  • Оқу процесін қажетті әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету, оқу кабинеттерін жабдықтармен, заманауи техникалық оқыту құралдарымен, инвентарьмен және көрнекі құралдармен жабдықтау жұмыстарын орындайды.
  • Қорытынды сабақтарды, емтихандарды, біліктілік сынақтарын, кәсіби шеберлік конкурстарын өткізуге, тарифтік-біліктілік комиссияларының жұмысына қатысады.
  • Жол дистанциясының бастығы мен бас инженерінің жеке тапсырмаларын орындайды.
  • Қызметкерлердің білім деңгейін арттыру мақсатында ай сайын бекітілген кестеге сәйкес цехтар мен учаскелерге барып, техникалық сабақтар өткізеді.
  • Қозғалыс қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылуын талдау және қарастыру мақсатында телеграфтық нұсқаулар негізінде жоспардан тыс техникалық сабақтарды ұйымдастырады және өткізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері; Көлік, техникалық пайдалану (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары).
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары білім болған жағдайда - қызмет кәсібі бойынша кемінде 5 жыл, орта (техникалық және кәсіптік) білім болған кезде - қызмет кәсібі бойынша кемінде 10 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.