«KTZ Express» АҚ Жобалар портфелімен жұмыс департаментінің жобалар портфелімен жұмыс бойынша функционалдық бағытының бас менеджері (17 грейд)

от 652 848 KZT
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
28

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Қарауына кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың (ДЗО) өндірістік және қаржылық мәселелер бойынша қызметін талдайды, сондай-ақ олардың мониторингін жүзеге асырады.
  • Қарауына кіретін ДЗО-лардың қызмет тиімділігін арттыруға, материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды ұтымды әрі үнемді пайдалануға, еңбек өнімділігін көтеруге бағытталған іс-шараларды әзірлейді және іске асырады, сондай-ақ осы іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
  • Қарауына кіретін ДЗО-лардың қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерін белгілеу бойынша ұсыныстарды келіседі және әзірлейді.
  • Қарауына кіретін ДЗО-лардың негізгі қызмет көрсеткіштерінің (КҚК) орындалуына мониторинг және талдау жүргізеді.
  • Қарауына кіретін ДЗО-лар бойынша корпоративтік шешімдердің уақтылы қабылдануын қамтамасыз етеді және бақылайды, сондай-ақ басқару органдары мен атқарушы органдар қабылдаған шешімдердің орындалуына мониторинг жүргізеді.
  • Белгіленген тәртіппен ДЗО-лардың басқару органдары мен атқарушы органдары шешімдерінің жобаларын келісуге қатысады.
  • Белгіленген тәртіппен қарауына кіретін ДЗО-лардың жарғыларының жобаларын, оларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды келіседі және олардың бекітілуін қамтамасыз етеді.
  • Қарауына кіретін ДЗО-лардың жарғылық капиталдарын ұлғайту және толықтыру бойынша мәліметтердің мониторингін, сондай-ақ олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді.
  • Қоғам активтерінің құрылымын оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
  • Қоғам компаниялар тобына кіретін ұйымдарды қайта ұйымдастыру (қайта құру, сату, тарату), ДЗО құру және (немесе) заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу бойынша іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сондай-ақ олардың орындалуына мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.
  • Белгіленген тәртіппен Қоғам мен оның ДЗО-ларының үшінші тарап ұйымдарымен бірлескен қызметке қатысуы, заңды тұлғаларды құру немесе олардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу жөніндегі келісімдер мен шарттарды әзірлеуге және келісуге қатысады.
  • Қоғамның ДЗО-ларының қызметі туралы ақпаратты жинақтайды, есептер дайындауды қамтамасыз етеді және активтер портфелін басқару мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен Қоғам басшылығына ақпарат ұсынады.
  • Қарауына кіретін ДЗО-лардың өндірістік және қаржылық қызметін талдайды және мониторинг жүргізеді.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қоғам акцияларын орналастыру қорытындылары туралы есептерді дайындауды қамтамасыз етеді.
  • Қоғамның аффилиирленген тұлғаларының тізімін жүргізуді және оны «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ға уақтылы ұсынуды қамтамасыз етеді.
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді.
  • Қоғамның тіркеушісімен бағалы қағаздар иелерінің тізілімін жүргізу бойынша жұмыс жүргізеді.
  • Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен қағидаларға сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында ақпаратты, корпоративтік оқиғалар туралы мәліметтерді және аффилиирленген тұлғалар тізімдерін белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
  • ДЗО құру және (немесе) заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу үшін қажетті бизнес-жоспарларды, қаржылық-экономикалық модельдерді және өзге де құжаттарды әзірлеуге және дайындауға қатысады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Экономика; Менеджмент; Қаржы; Есеп және аудит; Құқықтану; Халықаралық құқық; Халықаралық қатынастар.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.