"Жолаушылар тасымалы" АҚ - "Қала маңындағы тасымал" филиалы Қостанай өңірлік учаскесінің вагондарын қабылдаушы (Тобыл ст.)

от 537 838 KZT
Костанайский региональный участок Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
7

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

1. Жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын келіп түсетін материалдардың, бұйымдардың және қосалқы бөлшектердің сәйкестік сертификатының болуын тексереді;

2. Вагондарды, олардың тораптары мен бөлшектерін сапасыз жөндеу және техникалық қызмет көрсету жағдайларын тергеп-тексеруге қатысады;

3. ТО-1, ТО-2, ТО-3 көлеміндегі техникалық қызмет көрсету барысында ақаулы қосалқы бөлшектерді, тораптар мен бөлшектерді жарамсыз деп тану процесін, сондай-ақ оларды қоймадан жөндеу кәсіпорны арқылы вагонға орнатылғанға дейін жарамдысына (жаңасына) ауыстыруды бақылайды;

4. Құрамдарды рейске дайындау кезінде ТО-1-ден өткен вагондарды қабылдап алады және Тапсырыс беруші атынан вагонға арналған Мердігердің кепілдік талонына қол қояды;

5. ТО-1, ТО-2, ТО-3 жүргізу кезінде технологиялық процестерге сәйкес Мердігер орындаған жұмыстарды қабылдайды;

6. ТО-3 көлеміндегі техникалық қызмет көрсету және ағымдағы ағытпалы жөндеу (ТОР) жүргізу кезінде белгіленген тәртіппен ақаулы вагондарға ВУ-23 хабарламасының берілуін бақылайды, сондай-ақ қабылдау-тапсыру сынақтарына қатыса отырып, ВУ-36 және ВУ-22а нысандарына қол қою арқылы вагондардың тораптары мен бөлшектерін тораптық тәртіппен қабылдайды:
- арбашаларды;
- доңғалақ жұптарын;
- тежегіш жабдықтарын;
- соққы-тарту механизмін;
- жолаушылар вагондарының электр жабдықтарын;
- аккумуляторлық батареяларды;
- желдету және ауа баптау жүйесінің жабдықтарын;
- электр машиналарын, генераторларды және олардың жетектерін;

7. Учаскенің жөндеуге жіберу және жоспарлы жөндеу түрлерінен кейін келген вагондарды жиынтықтылығы мен жарамдылығын тексере отырып қабылдау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;

8. Кепілдік пайдалану мерзімі аяқталған қымбат тұратын бөлшектер мен тораптарды орнатуды келіседі;

9. Белгіленген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде есептер жасайды;

10. Учаске немесе Қоғам басшылығының жекелеген тапсырмаларын орындайды;

11. Жолаушылар вагондарына ТО-1, ТО-2, ТО-3 техникалық қызмет көрсету сапасын, технологияның, ТҚ және КР қағидаларының, қолданыстағы нұсқаулықтардың сақталуын бақылайды және жолаушылар вагондарын, сондай-ақ олардың негізгі тораптарын, аппараттарын, вагон салондары жабдықтарын жөндеуге дейін және жөндеуден кейін қабылдауға қатысады;

12. Жолаушылар вагондары мен вагон салондарының барлық жабдықтарының бекітілу сенімділігін тексереді, редукторлардың бөлшектеріне, буксалық тораптарға, доңғалақ жұптарына, қауіпсіздік құрылғыларына, автотіркегіш құрылғыларына, сондай-ақ жеке жөнделген тораптар мен агрегаттарға ерекше назар аударады. Жолаушылар вагондарын қабылдау жөндеу жұмыстарының барлық түрлері аяқталғаннан кейін жүргізілуге тиіс;

13. Жолаушылар вагондарын жөндеуден қабылдаудың аяқталғанын ВУ-36 нысанындағы қабылдау актісіне қол қою арқылы растайды;

14. ТО және ТОР-ға қою кезінде бөлшектер мен тораптарды жарамсыз деп тануды бақылайды және оған қатысады, сондай-ақ циклден тыс жұмыстар көлемін айқындауға қатысады;

15. Орындалған жұмыстарды қабылдау актілерінде жұмыстардың толық көлемде орындалуын, циклден тыс жұмыстар көлемін, қалыптан тыс тозған бөлшектер мен тораптарды өз қолымен растайды;

16. Жолаушылар вагондарының жүрісін бақылайды және есебін жүргізеді;

17. Орындалған рейстен кейін натурлық парақтарды қабылдайды және өңдейді, кейіннен айлық есеп жасайды;

18. Ай сайын қойма операторымен бірлесіп жолаушылар вагондарының ауыстырылған, тозған және ақаулы бөлшектері мен тораптарын учаске қоймасына қабылдайды, осы ақаулы бөлшектер мен тораптарды металл сынығына өткізу туралы жалпы қабылдау-тапсыру актісін ай сайын жасайды, кейіннен металл сынығын тиісті ұйымға тапсыруға қатысады;

19. ТО-2, ТО-3 және вагондарды бояу кестелерін жасайды;

20. Бақылау-өлшеу құралдарын тексеріп куәландырудың уақтылы жүргізілуін бақылайды.

Біліктілік талаптары:

1.    Білімі: белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық.
2.    Мамандығы: -. 
3.    Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 4 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.