"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Тасымалдау процесі дирекциясы" филиалының контейнерлік тасымалдармен жұмыс жөніндегі функционалдық бағытының бас менеджері (18 Грейд)
- ӨБӨО ЖҚТ бөлінісінде контейнерлік поездар үшін маршруттық жылдамдық жоспарын әзірлеуге қатысады;
- контейнерлік поездарды өтпелі кестелер бойынша өткізуді ұйымдастыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді, қатысы бар басқа әкімшіліктермен өзара ic-қимыл жасайды;
- Достық, Алтынкөл станцияларында контейнерлерді қайта тиеу үшін жылжымалы құрамның қажетті паркін айқындау бойынша экспедиторлармен және контейнерлік поездар операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;
- ТХКБ бойынша контейнерлік поездардың жүріп өтуін ұйымдастыру кезінде құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылын үйлестіреді;
- ТЖЫҰ, ТЖЫО шеңберінде тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері бойынша "ҚТЖ "ҰК" АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология; Вагондар; Экономика; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті (темір жол көлігін) пайдалану; Экономика; Логистика (көлікте); Менеджмент
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 2 жыл
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.