«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - Ақмола орталық аппарат кеңсесінің (мемлекеттік кәсіпорынның орталық аппаратында орналасқан) жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- топтың жұмыс жоспарын жасау
- бос әкімшілік лауазымдарға кадрларды конкурстық іріктеу рәсімдерін жүргізу;
- Серіктестікте дайындалатын еңбек заңнамасының, бұйрықтар, нұсқаулықтар, ережелер және басқа да жергілікті актілер жобаларының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ осы құжаттарды дайындауға қатысу;
- кадрлық жұмыс тобы қызметкерлерінің дұрыс ақпаратты уақтылы ұсынуын, есепке алу және кадрлық жұмыс тобы қызметкерлерінің атқарушылық тәртіпті сақтауын бақылауды жүзеге асыру
- Орталық аппараттың бос лауазымдарына және номенклатуралық қызметкерлерге өтінімдер беру.
- Серіктестіктің орталық аппаратында бос лауазымдарға қызметкерлерді және номенклатуралық қызметкерлерді қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу
- Серіктестіктің босатылатын және босатылған қызметкерлерін жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды іске асыру
- Орталық аппарат және өңір бойынша бос орындарды бақылау, бос орындар бойынша апта сайынғы есепті дайындау
- Қызметкерлердің ерте зейнетке шығуын жүргізу
- Серіктестіктің филиалдарында практикадан өту бойынша жұмысты ұйымдастыру
- Аутстаффинг бойынша шарт жасасу
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Менеджмент; Экономика; Психология; Филология; Педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар); Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікпен қозғалыс; Еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Құқықтану; Мемлекеттік және жергілікті басқару.
- Жұмыс тәжірибесі: өтіліне көрсетусіз
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.