Дежурный по выдаче справок вокзала Шиели

234 559 - 248 944 KZT
Кызылординское отделение магистральной сети Шиелі к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Без опыта Полная занятость, Сменный график
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
0

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

- вокзалдағы жедел жағдаймен, кезекшілікке кіру кезінде басшылық құжаттармен (жеделхаттармен, бұйрықтармен, нұсқаулармен және т.б.) танысу;
- белгіленген жұмыс режиміне және вокзал жұмысының технологиялық процесіне сәйкес жұмыс ауысымы ішінде вокзалдың барлық қызметтері мен құрылғыларының нақты және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, тиісті актілерді жасау және вокзал басшылығын уақтылы хабардар ету;
 - кезекшілік кезінде станция бойынша кезекшіден жолаушылар және қала маңындағы поездардың қозғалысы туралы жедел ақпаратты уақтылы алу;
- осы салада қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес жолаушыларға шынайы және толық анықтамалық ақпаратты ұсыну;
- вокзалдың тасымалдау процесі мен қызметіне қатысты жоғары тұрған басшылықтың келіп түскен нұсқауларына (бұйрықтар, өкімдер, телеграфтық нұсқаулар, факсограммалар, телефонограммалар және т.б.) сәйкес жұмыс орнындағы көрсеткіштерге, анықтамалықтарға және басқа да қосалқы материалдарға уақтылы өзгерістер енгізу;
- поездардың кідіруі (кешігуі) жағдайларында жолаушыларды уақтылы хабардар ету;
- байланыс құралдары мен анықтамалық-ақпараттық жабдықтардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету және ақауларды жою бойынша шаралар қабылдау;
- анықтамалық бюрода көрнекі анықтамалық-ақпараттық материалдың (маңдайшалар, көрсеткіштер, тақтайшалар, хабарландырулар) болуы және эстетикалық түрі үшін жауапкершілік;
- санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмыс орнында тазалық пен тәртіпті ұстау жөнінде шаралар қабылдау;
- анықтамалық бюрода барлық жабдықтар мен мүкәммалды дұрыс ұстауды және ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды және жүк-багажды тасымалдау ережесінде көзделген жағдайларда жеделхаттарды уақтылы жөнелтуді қамтамасыз ету.

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), ағылшын тілін Elementary деңгейінен төмен емес деңгейде білу
Мамандығы: Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құрылыс
(Темір жол құрылысы, жол және жол
шаруашылық); Көлік құрылысы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс; Электр энергетикасы, Экономика, Инженерлік жүйелер, Маркетинг, Көлік, көліктік техника және технологиялар, механикаландыру және автоматтандыру, психология, филология, туристік/қонақ үй ісі.
Жұмыс тәжірибесі: жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Қосымша талаптар:

- еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;
- жұмыс орнындағы қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- құпиялылық нормаларын және Компанияның жергілікті актілерін бұзбай дұрыс ақпаратты уақтылы ұсыну;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.