"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"жаңа жобаларды салу дирекциясы" филиалының жоспарлау - экономикалық бөлімінің бас менеджері (18 грейд)

Зарплата не указана
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жаңа жобаларды салу дирекциясы» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 4 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
6

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалдың материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарын оңтайлы пайдалану жағдайында жоғары түпкі нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған экономикалық қызметін жүзеге асыру бойынша жұмысты орындайды.
  • Жасалған шарттар шеңберінде Филиалдың қаржылық міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етеді.
  • Қаржы жылына және кейінгі жылдарға арналған шығыстар мен кірістер жоспарының (бюджеттің) жобасын барлық қажетті есептеулермен дайындайды және бекітуге ұсынады, қажет болған жағдайда бюджетке өзгерістер енгізеді.
  • Кәсіпорынның және оның бөлімшелерінің шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізеді, үнемдеу режимін қамтамасыз ету бойынша шаралар әзірлейді.
  • ТРУ бойынша бекітілген және түзетілген жоспарларды SAP RWP, PBW жүйелеріне уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Филиалдың инвестициялық жобаларын және Филиал қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды уақтылы қаржыландыруды бақылайды.
  •  Инвестициялық жобаларды игеру мен қаржыландыру бойынша жинақтаушы есепті қаржыландыру көздері және мердігер ұйымдар бөлінісінде жүргізуді қамтамасыз етеді.
  •  Ұзақ мерзімді шарттар бойынша берілген аванс сомаларын дебиторлық берешекті өтеу мақсатында уақтылы ұстап қалуды бақылайды.
  •  Проблемалық дебиторлық және кредиторлық берешекті оңтайландыру бойынша жұмысты қамтамасыз етеді.
  •  Жеке инвесторлардың қаражаты есебінен қаржыландырылатын шарттар бойынша игерілген көлем мен жүргізілген төлемнің уақтылы және толық есебін бақылауды қамтамасыз етеді.
  •   Белгіленген мерзімдерде кезеңдік есептілікті дайындайды.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары кәсіптік білім.  
  • Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Статистика.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша: қаржы-экономикалық қызмет саласында кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі.  Басшылық лауазымда: кемінде 2 жыл.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.