«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) құқықтық қамтамассыз ету бөлімінің бас маманы
Лауазымдық міндеттер:
- Мемлекеттік органдарда, меншік нысанына қарамастан өзге де мекемелер мен ұйымдарда, құқық қорғау органдарында, Қазақстан Республикасының соттарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында азаматтық, әкімшілік, қылмыстық істер бойынша Филиалдың қызметінен туындайтын мүліктік және өзге де заңды құқықтар мен мүдделерді қамтамасыз ету және қорғау;
- Лауазымды адамдардың әрекетіне/әрекетсіздігіне, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдеріне шағымдану;
- Филиалдың дебиторлық берешегін болдырмау, төмендету және өндіріп алу жөніндегі жұмыстарды жүргізу:-дебиторлар болып табылатын ұйымдар Филиалға келтірген залалды (берешекті, тұрақсыздық айыбын, айыппұлдарды) өтеу бойынша талаптар және (немесе) талаптар қою;
- шаруашылық қызметтен туындайтын Филиалдың дебиторлық берешектерін есептен шығару және төмендету жөніндегі материалдарды қарау және келісу;
- Филиалдың талап-арыз жұмысының мониторингі;
- Шарттардың (келісімдердің, келісімшарттардың, қосымша келісімдердің, меморандумдардың) жобаларын қарау, Филиал жасасатын келісуге ұсынылатын шарттардың (келісімдердің, келісімшарттардың, қосымша келісімдердің, меморандумдардың) жобаларына белгіленген тәртіппен құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі және Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің атына оларды пысықтау жөнінде ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
- Жазбаша құжаттарды дайындау жөніндегі заңдық қорытындылар мен ұсынымдар:
- шарттардың (келісімдердің, келісімшарттардың, қосымша келісімдердің, меморандумдардың) жобаларын қарау кезінде анықталған бұзушылықтарды жою.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құқықтану; Халықаралық құқық; Құқық қорғау қызметі.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.