"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы"филиалы Атырау магистральдық желі бөлімшесінің жөндеу-құрылыс бригадасы ПЗ цехының шебері
Лауазымдық міндеттер:
- Сапалы жөндеу-құрылыс жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша учаскеге басшылық жасау;
- Жоспарға сәйкес бригадалардың және жекелеген Жұмыстардың өндірістік тапсырмаларын белгілеу;Учаскеде еңбекті ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарының озық жүйелері мен әдістерін енгізу;
- Жоспарлы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек ресурстарын барынша пайдалану және жұмысшылардың еңбек өнімділігін жүйелі түрде арттыру;
- Әрбір жұмысшыға нормаларды игеру және орындау үшін жағдай жасау, нысаналы нұсқама жүргізу;
- Әзірлеу нормалары мен бағаларын қайта қарау туралы ұсыныстар енгізу;
- Жөндеу жұмыстарының сапасын тексеру,мерзімдерді қысқарту және олардың құнын төмендету, ақаудың алдын алу және жөндеу сапасын жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
- Өндірістік шаруашылық қызметтің нәтижелерін талдау , жұмыс уақытын есепке алу, жалақы өндіру, тоқтап қалу бойынша бастапқы құжаттардың дұрыстығын және уақтылы ресімделуін қамтамасыз ету;
- Жұмысшылардың өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылау олардың еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын қатаң орындауы;
- Ерекшеленген жұмысшыларды көтермелеу немесе өндірістік және еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы, сондай-ақ тарифтік біліктілік анықтамалықтарына сәйкес жұмысшыларға разрядтар беру туралы ұсыныстар беру;
- Жұмысшылардың техникалық білім деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізу;
- Жабдықтың, мүкәммал мен құралдың, сондай-ақ техникалық құжаттаманың сақталуын және жарамды жай-күйін қамтамасыз ету;
- Санитариялық-тұрмыстық үй-жайларды, өндірістік үй-жайлар мен жабдықтардың, аспаптардың, Көлік және жүк көтергіш құралдардың, желдеткіш қондырғылардың жарамдылығы мен қауіпсіз жай-күйі нормаларына сәйкес ұстау;
- Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, ТЖ көлік объектілерінен материалдық құндылықтардың ұрланғаны анықталған жағдайда, РСБ шебері мен ЖЖҚ басшылығына дереу хабарлау қажет;
- Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету, қажет болған жағдайда жақын жердегі емдеу мекемесіне болған оқиға туралы баяндамамен РСБ шеберіне және ЖТС басшылығына жеткізу.
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік);
- Саладағы мамандығы: көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану( салалар бойынша); көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.