«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Түркістан филиалының Шымкент станциясындағы атқыштар командасын сатып алу және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі 1-санатты маман

от 378 443 KZT
Туркестанский филиал ВЖДО Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 2 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
9

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Ұйымды оның өндірістік қызметі үшін қажетті барлық материалдық ресурстармен (шикізатпен, материалдармен, отынмен, жинақтаушы бұйымдармен, құрал-сайманмен, қосалқы бөлшектермен, арнайы киіммен, шаруашылық мүкәммалмен және т.б.) қамтамасыз ету және оларды ұтымды пайдалану жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;
  • жылдық жоспарларды, филиалдың негізгі құралдарға, жанар-жағармай, құрылыс және шығыс материалдарына, заттай және басқа да мүлікке қажеттілік өтінімдерін әзірлеу үшін мәліметтер, материалдар жинауды және дайындауды ұйымдастыруға;
  • мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру үшін қажетті құжаттарды, мәліметтерді дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
  • арнайы киім, аяқ киім алу жұмысын жүзеге асыруға және оны сақтауды, филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне беруді ұйымдастыруға;
  • материалдық құндылықтарды филиалдың бөлімшелеріне бөлуді және беруді ұйымдастыруға;
  • қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, мүкәммалды іздеуді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып, тауарлар мен құндылықтарды орналастыруға;
  • қоймадағы тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етуге, сақтау режимдерін сақтауға, өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың сақталуына толық жауапты болуға;
  • филиал аппаратының ғимаратында өртке қарсы құралдардың болуын және жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен мүкәммалдың жай-күйін бақылауға;
  • филиалдың теңгеріміндегі автомашиналарды қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, техникалық байқау мен сақтандыру парағының болуын, көлік құралдарының уақтылы және сапалы жөнделуін қадағалауға міндетті. Жол парақтарын жазып беру, автокөлік және жанар-жағармай материалдары бойынша ай сайынғы есептерді орындау;
  • тауар-материалдық құндылықтарды, қорлар мен құндылықтарды, негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді түгендеуді жүргізуге қатысуға құқылы.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Логистика; Автоматтандыру және басқару; Менеджмент; Ақпараттық жүйелер; Инженерлік жүйелер; Көлік Құрылысы (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы).
  • Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.