«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы адам ресурстарын басқару департаментінің персоналды басқару жөніндегі менеджері (15 грейд)
- Барлық станциялар мен разъездерде (оның ішінде шалғайдағы) филиалдар қызметкерлерінің медициналық тексерулерін (мерзімді, ауысым алдындағы/ рейс алдындағы және ауысымнан кейінгі/рейстен кейінгі)қамтамасыз ету жөніндегі процесті ұйымдастырады және үйлестіреді;
- дирекцияның және филиалдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері ауырған жағдайда уақтылы ерікті медициналық сақтандыру бойынша процесті ұйымдастырады және үйлестіреді;
- дирекцияның құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының қызметкерлері ауырған жағдайда ерікті сақтандыру бағдарламасы бойынша сақтандырылған қызметкерлердің саны туралы талдау жүргізеді және есеп-анықтамаларды жинау және ұсыну процесін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- Дирекция қызметкерлерінің SRS жұмыс жағдайына қанағаттануын анықтау мақсатында жыл сайынғы әлеуметтанулық зерттеу жүргізу үшін деректерді сүйемелдейді және ұсынады;
- дирекция мен филиалдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен зейнеткерлеріне 250 АЕК материалдық көмек көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады және процесті үйлестіреді;
- дирекцияның жұмыс істемейтін зейнеткерлерінің есепке алу базасын жүргізуді және жұмыс істемейтін зейнеткерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды "SAP" АСУРП-да есепке қоюды және есептен шығаруды жүзеге асырады .
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Құқықтану; Әлеуметтік жұмыс; Экономика; Менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, қоғаммен байланыс, әлеуметтану, саясаттану, персоналды басқару және / немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.