«KTZ Express» АҚ Логистика департаментінің контейнерлік/мультимодальды тасымалдау бойынша функционалдық бағыттының менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- Неғұрлым бәсекеге қабілетті тарифтік шарттарды және жүкті жеткізу тәсілдерін қамтамасыз ету үшін ставкаларды ұсыну бөлігінде қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
- AIKEY CRM жүйесінде және сату блогының сұранысы бойынша тасымалдау құнын есептеуді жүргізеді;
- Қызмет көрсетушілер бойынша шығындарды оңтайландыру есебінен контейнерлік/мультимодальдық тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз етеді;
- Көлік шешімдерінің жаңа/балама маршруттарын және жеткізу тәсілдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Қазақстан мен шетел аумақтары бойынша неғұрлым бәсекелі тарифтік шарттар бойынша жаңа қызмет көрсетушілерді тарту, сондай-ақ қолданыстағы қызмет көрсетушілерді ұстап қалу және олардың адалдығын арттыру бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
- Жасалатын және жасалған шарттарды кейінгі төлем шарттарына ауыстыру бойынша қызметтерді жеткізушілермен жұмыс жүргізеді (арнайы тасымалдау жөніндегі шарттар мен монополистермен жасалған шарттарды қоспағанда);
- Шетелдік және қазақстандық қызмет көрсетушілермен шарттар жасасу бойынша қажетті іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етеді (ақпарат жинау, Іскерлік байланыстар орнату, шарттар жасасуға материалдар дайындау, бірлескен жұмыс жоспарларын әзірлеу).
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Маркетинг; Бизнес-әкімшілендіру; Экономика; Менеджмент; Қаржы; Логистика; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.