«KTZ Express» АҚ Логистика департаментінің транзиттік қатынастағы оператор тарифін есептеу бойынша функционалдық бағыттың менеджері
Лауазымдық міндеттер:
- Логистикалық тізбектермен тасымалдау шығындарын оңтайландыруды және азайтуды жүзеге асырады;
- Жаңа логистикалық маршруттарды әзірлейді, көлік шешімдерін ұсынады, бағыттар бойынша қызметтердің оңтайлы құнын анықтайды;
- AIKEY CRM жүйесі, ЭДО немесе қоғамның сату блогынан келіп түскен өтінімдер негізінде контейнерлік және мультимодальдық тасымалдардың өзіндік құнын есептейді және AIKEY CRM жүйесіне есептеулер бойынша деректерді енгізуді жүзеге асырады;
- Сыртқы жылжымалы құрамды / контейнерлерді тарту бойынша қызметтерді жеткізушілермен жұмыс жүргізеді;
- Көліктік-логистикалық қызметтер бойынша қызмет көрсетушілермен баға хаттамаларын бекітуді және оларға қол қоюды қамтамасыз етеді;
- Жасалған шарттардың талаптарына сәйкес қызмет көрсетушілерден қойылған сомаларды салыстыру бойынша жұмыс жүргізеді;
- Қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады, оның ішінде шарттар әзірлейді және жасасады, ұсынылған тарифтік талаптарды төмендету бойынша коммерциялық келіссөздер жүргізеді (тұрақты негізде) қызмет көрсетушілермен өзара есеп айырысу бөлігінде өзара іс-қимылды ұйымдастырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Маркетинг; Бизнес-әкімшілендіру; Логистика (салалар бойынша); Экономика; Менеджмент, Қаржы; Құқықтану; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (темір жол көлігінде); Экономика; Логистика (көлікте); Менеджмент;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.