«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Қарағанды пайдалану вагон депосының еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және экология секторының инженер-технологы
Лауазымдық міндеттер:
- Депоның және оның әрбір өндірістік цехының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға міндетті;
- депоның салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуі және оны жетілдіру жөніндегі қызметін үйлестіру;
- еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттану мен кәсіптік аурулардың жай-күйін талдау;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды қамтитын бағдарламаларды, конспектілерді әзірлеу және қайта қарау;
- қызметкерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі бойынша оқытуды, нұсқау беруді және білімін тексеруді жүргізу;
- жұмыс орындарын еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу;
- ақпараттық стенділерді, еңбекті қорғау бұрыштарын жабдықтау;
- депоны еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қажетті заңнамалық, нормативтік құқықтық актілермен (оның ішінде техникалық) қамтамасыз етуді ұйымдастыруға міндетті;
- жұмысқа жаңадан қабылданғандармен, іссапарға жіберілгендермен, өндірістік оқуға немесе практикаға келген оқушылар мен студенттермен еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалар жүргізу;
- деподағы жазатайым оқиғалар мен кәсіптік ауруларды тексеруге, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, қызметкерлердің еңбек міндеттерін орындауына байланысты олардың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге құжаттар дайындауға қатысу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
- Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда 2 жылдан кем болмауы тиіс.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.