"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі"филиалы Тобольск жолының № 1 өндірістік учаскесі жол учаскесі бастығының орынбасары

475 160 - 496 368 KZT
Тобольская дистанция пути Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, учаскеге қызмет көрсету шекараларында еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
  • регламентке сәйкес МДК мобильді диагностикалық кешендерінің, КС жол өлшеу вагондарының өту нәтижелері бойынша 3-ші және 4-ші дәрежелі шегіністерді жоюды уақтылы ұйымдастыру;
  • көктемгі, күзгі тексеруді, жолды заттай тексеруді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
  • пайдалану және климаттық жағдайларды, нақты көлемдерді, қолданылатын машиналардың түрлерін, жұмысшылар санын, жұмыс майданын және оларды жүргізу мерзімдерін, учаске қызметкерлерін жұмыс орнына күнделікті жеткізу және кері қайтару тәсілдерін ескере отырып, километрлер бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік);
  • Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары, (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары);
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) 3 жылдан кем емес, орта (техникалық және кәсіптік) 4 жылдан кем емес.

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.