"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі"филиалының IV сыныпты Шолақсай станциясының бастығы
- Компания бекіткен жұмыстың техникалық және технологиялық регламенттеріне сәйкес станциялардың қызметін басқарады және ұйымдастырады, станцияның орынбасарларының, бас инженерінің, инженерлік-техникалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуына дербес жауапты болады;
- станцияда салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
- еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға тұрақты мониторинг, талдау және іске асыру жүргізеді;
- әлеуметтік шиеленістің ықтимал тәуекелдері туралы басшылықты жедел хабардар етеді;
- станция жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
- станция қызметкерлерінің еңбек және демалыс режимінің сақталуына, демалыстардың берілуіне, мерзімді және ауысым алдындағы медициналық тексерулерден өтуіне бақылауды жүзеге асырады;
- негізгі көрсеткіштердің (KPI) орындалуын қамтамасыз етеді, негізгі көрсеткіштердің (KPI) орындалуы туралы есепті деректерді (ай сайын)БП бөлімшесіне жібереді;
- пойыздарды қабылдау және жөнелту, құрамдарды қалыптастыру және тарату, вагондарды жинау және оларды тиеу-түсіру майдандарына беру, өлшеу жөніндегі станцияның жұмысын ұйымдастырады;
- іргелес құрылымдық кәсіпорындармен, жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен жүктерді тасымалдауды үздіксіз қамтамасыз ету, Вагондарды жүк майдандарына беру, жинау мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- қысқы жағдайларда және су тасқыны кезеңінде жұмысқа дайындық жөніндегі іс-шараларды әзірлейді, олардың өткізілуін бақылайды (жыл сайын);
- станцияның тұрақты жұмысын, қозғалыс қауіпсіздігін, еңбекті қорғауды, тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін шешу және әлеуметтік-тұрмыстық мәселелерді шешу үшін (апта сайын дүйсенбі күндері, хаттаманы ресімдей отырып)станция аумағында өз қызметін жүзеге асыратын компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері, филиалы өкілдерінің қатысуымен "станция бастығы күнін" ұйымдастырады және өткізеді;
- техникалық және коммерциялық ақаулар бойынша ағытылған тиелген вагондар үшін кедендік транзитті жеткізу мерзімдерін бақылауды, жүктердің кему орны бойынша МКД (Мемлекеттік кірістер департаменті) мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) болған кезде: кемінде 3 жыл, оның ішінде 4,5 сыныпты станция бойынша кезекші лауазымында кемінде 2 жыл, орта (техникалық және кәсіптік) болған кезде: кемінде 5 жыл, оның ішінде 4,5 сыныпты станция бойынша кезекші лауазымында кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.