«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың меншік шаруашылығында (қалпына келтіру, өрт пойыздары) еңбекті қорғау және қауіпсіздік бойынша нормативтік құжаттамаларды ресімдеу;
- желілік бөлімшелерде еңбекті қорғау жағдайларын бұдан әрі жақсарту бойынша жылдық жобалар мен іс-шаралардың перспективалы жоспарларын құрастыру және Филиал басшылығына бекітуге ұсыну;
- инспекциялаушы органдардың нұсқамаларын орындау бойынша тексеру барысында анықталған кемшіліктерді жою, еңбекті қорғау бойынша жоғары тұрған инстанциялардың нұсқауларын орындау іс-шараларының жоспарларын әзірлеу және Филиал басшылығына қарауға ұсыну;
- ұжымдық шартты дайындау кезінде еңбек қауіпсіздігімен байланысты бөлімдерді әзірлеуге қатысу;
- өндірістік жарақаттанушылық анализін өткізу және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу іс-шараларын әзірлеу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні туралы кемінде 5 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.