«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы-«Ақмола магистральдық желі бөлімшесі» баспасөз қызметінің бас маманы (Астана станциясының орналасқан жері)
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың оң имиджін БАҚ және әлеуметтік желілер, Филиал аккаунттары арқылы ілгерілетеді. Филиалдың қызметі туралы жағымды материалдарды БАҚ-та көбейту бойынша жұмысты жүзеге асырады;
- Корпоративтік сайтта, БАҚ және әлеуметтік желілерде орналастыру үшін Филиалдың қызметі туралы ақпараттық материалдарды дайындауды жүзеге асырады;
- Филиал басшыларының сұхбаттарын, түсініктемелерін, баяндамаларын, БАҚ-та сөз сөйлеулерін дайындауды ұйымдастырады;
- Филиалдың қызметі туралы материалдарды дайындауда БАҚ өкілдеріне көмек көрсетеді, БАҚ сұраныстарына жауап дайындауды қамтамасыз етеді. Филиалдың қызметі туралы жарияланған мәліметтердің дұрыстығын қадағалайды, бедел тәуекелдерін төмендету мақсатында БАҚ-тағы сын сөздерге жедел ден қою бойынша жұмысты қамтамасыз етеді;
- Филиалдың қызметі туралы имидждік материалдарды, фильмдерді, роликтерді әзірлейді және оларды жариялайды;
- Филиал қызметін ақпараттық сүйемелдеу бойынша перспективалық және жедел медиа-жоспарларды қалыптастырады және медиа-жоспарлардың іске асырылуын бақылауды қамтамасыз етеді;
- Филиалды еске ала отырып, ақпарат мониторингі бойынша есепті, Филиалдың қызметіне қатысы бар материалдарды жинау мен талдауды қалыптастырады;
- Филиал қызметін жария ету мәселелері бойынша БАҚ өкілдерімен байланыс жасайды;
- Филиалдың өкілі ретінде әлеуметтік желілерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Журналистика; Жұртшылықпен байланыс; Менеджмент; Филология; Маркетинг.
- Жұмыс тәжірибесі: жұртшылықпен байланыс, БАҚ-пен жұмыс саласында кемінде 2 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.