«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Қарағанды пайдалану локомотив депосының локомотивтерге техникалық қызмет көрсету бойынша цех учаскесінің бастығы

410 569 - 430 080 KZT
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: От 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Создана:

Берілген өтінім:
5

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • ТҚ-2 циклімен локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехының, құм кептіру шаруашылығының жай-күйін бақылауды жүзеге асыру;
  • локомотивтердің, құм кептіру шаруашылығының техникалық және мәдени жағдайының мазмұнын жақсарту бойынша прогрессивті әдістерді әзірлеу және іске асыру;
  • локомотивтердің қауіпсіздік аспаптарының дұрыс жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асыру;
  • ТҚ-2 циклімен сапасыз техникалық қызмет көрсету салдарынан локомотивтің бүлінуі себебінен поездардың жүру жолында кідіруіне жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
  • іс-әрекеттері қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін қызметкерлерді жұмыстан шеттету;
  • ЦТОл, ПСХ қызметкерлеріне, кезекті медициналық тексеруден өтуге (кестеге сәйкес), кезекті демалыс беру кестелерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  • мамандықтар бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жұмыстардың орындалуына Ауысым қызметкерлерінің жұмысын бақылайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.