«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Балқаш жол дистанциясының Достық-Мойынты учаскесінің бастығы
Лауазымдық міндеттер:
- Телімде белгіленген жылдамдыққа сәйкес, пойыздардың қауіпсіз әрі толассыз қозғалысын қамтамасыз ету, жолды ереже мен рұқсаттарға сәйкес пайдалану, ҚР заңнамасын, басшылық ережелерді, нормативтік-техникалық құжаттарды, сондай-ақ "ҚТЖ" ҰК" АҚ-ның және ірілендірілген жол дистанцияларының өкімдері мен бұйрықтарын қолдану;
- жолды ағымдағы пайдалану және жөндеу, еңбек өнімділігін арттыру, заңнамалық үрдістерді қатаң сақтау, еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастыруды және жанармай, энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
- теміржол арқылы адамдардың өтуін, малды айдап өту кезінде құралдар мен құрылғыларды ұстау;
- жолдың жоғарғы қабатының материалдарының тұрақты болуын қамтамасыз ету;
- тапсырылған телімде еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы басшылық жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Сала бойынша мамандығы: Құрылыс (Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Көлік, көліктік техника және технологиялар, (Көтерме-көліктік, құрылыстық, жол машиналары және құрылғылары)
- Еңбек өтілі: мамандығы бойынша 3 жылдан кем емес
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.