«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Балқаш жол дистанциясының Достык - Мойынты учаскесі инженер (технологы)
Лауазымдық міндеттер:
- Апаттық төсемелердің жуандығын телімдердің ұзындығын өлшеуді жүргізеді;
- жолдың қисық телімдеріндегі иілуі өлшемін және есебін жасап телім бастығына тексеріп береді, жолды геометриялық параметрлерге сәйкестендіру бойынша жұмыстарға қатысады және оның өлшемдерін жасайды;
- басты және қабылдау-жөнелту жолдарында жатқан ақаулы рельстерді есепке алу журналдарының жүргізілуіне бақылау жасайды, түйіспесіз жолдың журналын жүргізеді;
- телімдегі өлшем құралдарының есебін жүргізеді;
- түйіспесіз жолдың желілерінің бекітілу температуралық режимдерінің есебін дистанция бастығымен бекітеді;
- жол жөндеушілердің жолды ағымдағы күтімін ережелер мен технологияларға сәйкес болуын, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша талаптардың сақталуын және жүргізілген жұмыстардың сапасын тексереді;
- температуралық кернеулерді босату бойынша жұмыстарға қатысады;
- түйіспесіз жол желілерінің ревизиясына қатысады, желілердің есептелген температуралық интервал бойынша бекітілу кестелерін құрастырады;
- уақыты келгенде тізімдеме дайындап ғимараттардың өлшемдерін өлшеуді жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері; көлік техникасы мен технологиялары; көтеру-көлік, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: мамандық бойынша еңбек өтіліне / кемінде 2 жыл талап қоймай
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.