«ҚТЖ» ҰК АҚ-ның Аппарат басшысы
Лауазымдық міндеттері:
• Компанияның құзыретіне кіретін салалар бойынша функционалдық саясатты, стратегияны және әдістемені әзірлеу және іске асыру.
• Адами ресурстарды басқару. Компанияның ұзақ мерзімді басымдықтарына және жалғыз акционердің күтулеріне сәйкес «ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның кадрлық саясат тұжырымдамаларын әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз етеді, адами ресурстарды тиімді басқаруға жауап береді. Бұған бизнес-бөлімшелер мен еншілес ұйымдар арасында үздік HR-тәжірибелерді және жекелеген бастамаларды тарату, «ҰК «ҚТЖ» АҚ тобы компанияларында бірыңғай корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және енгізу кіреді.
Әлеуметтік тұрақтылық. «ҰК «ҚТЖ» АҚ-ның әлеуметтік саясатын іске асыруды, еңбек ұжымдарындағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
«ҰК «ҚТЖ» АҚ компаниялар тобы қызметкерлеріне кәсіби оқытуды ұйымдастыру. «ҰК «ҚТЖ» АҚ компаниялар тобы персоналын кәсіби оқытуды және дамыту шараларын, сондай-ақ қызметкерлердің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. «ҰК «ҚТЖ» АҚ компаниялар тобының ұйымдық дамуы. «ҰК «ҚТЖ» АҚ компаниялар тобының ұйымдық дизайнын құруды және жетілдіруді, басқару жүйесін ISO халықаралық стандарттарына сәйкес, сондай-ақ компаниялар тобы үшін ұйымдық құрылымдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Орталық аппарат пен әкімшілік ғимараттардың жұмысын ұйымдастыру және қамтамасыз ету. «ҰК «ҚТЖ» АҚ филиалы – «Әкімшілік басқарма» теңгерімінде тұрған әкімшілік ғимараттарды тиісінше пайдалану бойынша «ҰК «ҚТЖ» АҚ қызметін басқаруды жүзеге асырады. «ҰК «ҚТЖ» АҚ филиалдарының қызметін басқару. Қазақстан Республикасының заңнамасына және Компанияның ішкі актілеріне сәйкес «ҰК «ҚТЖ» АҚ филиалдарының – «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы», «Әкімшілік басқарма», «Теміржол көлігі қызметкерлерін бағалау және дамыту орталығы» қызметін үйлестіреді.
• «ҰК «ҚТЖ» АҚ компаниялар тобы бойынша GR-функцияны жетілдіру. Қазақстан Республикасының көлік және логистика саласындағы заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу мен өзектендіру кезінде «ҰК «ҚТЖ» АҚ компаниялар тобының мүдделерін білдіруге, сондай-ақ Компанияның мүдделерін үкімет деңгейінде қолдауға жауап береді.
Құжат айналымын және ұйымдастырушылық-бақылау жұмысын ұйымдастыру. Компанияның ішкі актілеріне сәйкес «ҰК «ҚТЖ» АҚ-та құжаттарды рәсімдеу ережелеріне сай орындаушылық тәртіпті және бірыңғай құжат жүргізу тәртібін қамтамасыз етеді, құжаттаманы және іс жүргізуді басқару жүйесін жетілдіреді.
• Халықаралық қызметті ұйымдастырушылық-протоколдық сүйемелдеу. Компания басшылығының қатысуымен Қазақстан аумағында және шетелде өтетін халықаралық іс-шаралар мен жұмыс кездесулерін ұйымдастырушылық және протоколдық қамтамасыз етуге жауап береді. Бұған көпжақты кездесулерді, кеңестерді және басқа да іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ Компания басшылығы үшін визалық шақыруларды, кіру құжаттарын, визаларды және қызметтік/дипломатиялық паспорттарды рәсімдеу кіреді.
Біліктілік талаптардың сипаттамасы:
• Білімі: Экономика / қаржы / бизнес басқару (менеджмент) және/немесе GR және/немесе құқықтану / халықаралық қатынастар және/немесе адам ресурстарын басқару салаларында магистр дәрежесі немесе жоғары кәсіби білім.
• Жұмыс тәжірибесі: Қызмет бағыты бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде қызмет бағыты бойынша және/немесе «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобының қызмет ауқымы, күрделілігі және кіріс көлемі бойынша салыстырмалы компанияларда басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, тиісті хабарлама күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.