"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Алтынкөл станциясының 5 сыныпты № 1 желілік учаскесінің жол шебер-бригадирі
- Жолдың жоғарғы құрылысын, жер төсемін, жасанды құрылыстарды, өтпелерді, станциялық жолдарды, бағыттамалық бұрмалар мен СОБ құрылғыларын, оның ішінде маусымдық көктемгі және күзгі тексерулер шеңберінде уақтылы және сапалы тексеруді қамтамасыз ету;
- Бекітілген нормативтік актілерге және компанияның ішкі нұсқаулықтарына сәйкес жұмыстарды басқару, технологиялық процестерді ұйымдастыру және үйлестіру;
- Станциялық жолдарды, бағыттамалық бұрмалар мен СОБ құрылғыларын ай сайынғы комиссиялық тексеруге тұрақты қатысу;
- Оқшаулағыш жапсарлар, тартқыш жолақтар, сырғалар және басқа да элементтер оқшауламасының жарамдылығын бақылауды қоса алғанда, электр рельс тізбектерінің жай-күйін тексеру;
- СОБ электр механигімен бірлесіп электр қозғалтқышының фрикцияға жұмыс істеуі кезінде электр жетектерінің ауыспалы күштерін бағыттамалардың үшкірлеріне және айқастырманың жылжымалы өзекшесіне өлшеу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік), орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық;
- Мамандығы: Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер және көліктік тоннельдер, көліктік құрылыс;
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) - кемінде 1 жыл, орта (техникалық және кәсіптік) - кемінде 3 жыл, орта немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық - кемінде 4 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.