«KTZ Express» АҚ «KTZE Оңтүстік» (Алматы қ.) филиалы экономика және қаржылық есеп секторының бас маманы
Лауазымдық міндеттер:
- Еңбек және жалақы туралы есептерді жасау, еңбекақы түрлері бойынша еңбекақы жалақы қорын талдау, еңбек туралы жылдық, тоқсандық есептерге түсіндірме жазбалар жасау;
- 1С жүйесінде қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу және штат кестесіндегі өзгерістерді енгізу;
- Филиалдың кіріс және шығыс бюджеттері бойынша салыстырмалы талдау жүргізу (жоспар-факті есептері бойынша);
- Қатысты бөлімдермен бірлесе отырып Филиалдың шығыстар мен кірістер бюджетін есептеу және жасау;
- Жалға алынатын ғимараттардың калькуляциясын жасау;
- SAP PBW автоматтандырылған жүйесінде кірістер және шығыстар бюджеттері бойынша жоспарлы деректерді уақытылы және сапалы енгізілуін қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Образование: высшее (или послевузовское).
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; Менеджмент; Еңбекті ұйымдастыру және реттеу; Статистика.
- Жұмыс тәжірбиесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қосымша талаптар:
- SAP EHP, SAP XRP, SAP BW, 1С: Предприятие, Фаворит есепке алу жүйелерін білу.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.