"Қазтеміртранс" АҚ Қостанай филиалының тиеу-түсіруді қамтамасыз ету бөлімінің бастығы

от 437 835 KZT
«Қазтемiртранс» АҚ Қостанай қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Не менее 3 лет Полная занятость, Полный день
Внешний поиск
Временная должность
 

Создана:

Берілген өтінім:
3

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттер:

  • Тиеу және түсіру бойынша қамтамасыз ету бөлімінің жұмысына басшылық жасайды, филиалдың басқа бөлімдерімен, құрылымдық бөлімшелерімен және шекарада қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
  • Келіп түскен Бұйрықтармен және қоғам, Филиал басшылығының, сондай - ақ "ҚТЖ "ҰК" АҚ, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ нұсқауларымен танысады (қажет болған жағдайда бұйрықтың өзін/Орындаушының нұсқауын нақтылайды), сондай-ақ диспетчерлерді осы бұйрықтармен/нұсқаулармен таныстырады;
  • Тиеуді және түсіруді қамтамасыз ету бөлімінің диспетчерлерінің лауазымдық міндеттерін орындауын, бұйрықтардың, есептердің орындалуын (анықтамалардың дұрыс толтырылуын және енгізілуін) бақылайды. Олардың қызметін уақтылы және сапалы орындауға бағыттайды, бөлімде технологиялық және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді
  • ГУ-11 өтініміне және станцияда диспетчер берген бұйрыққа сәйкес тиеуге вагондардың берілуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады, әрі қарай бұйрықтар кітабында вагондардың нөмірлері көрсетіледі;
  • Алымдарды/тарифтерді негізсіз есептен шығару фактілері анықталған кезде (жуу, бос жүріс үшін) "КТТ" ақ есебі осы соманы коммерциялық бөліммен қайтару бойынша бірлескен жұмыс жүргізеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, басшы лауазымда кемінде 1 жыл

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

  2. Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, вакансияға өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:

    • сотталмағандығы туралы анықтама;
    • справку об отсутствии сведений о совершении коррупционного преступления,
  3. Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.

  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.