«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының Алматы учаскесі бастығының орынбасары
Лауазымдық міндеттер:
- Жолаушылар поездары қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуына, электрониканың істен шығуы, өртке қарсы қауіпсіздік құрылғыларының, тежегіш, бұғаттауға қарсы жүйенің, басқару мен бақылаудың орталық жүйесінің іске қосылуы, тоқтату крандарының бұзылуы себебінен поездардың тоқтау себептеріне талдау жүргізу және оның негізінде олардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау;
- ай сайын негізгі көрсеткіштер бойынша Учаске жұмысына талдау жүргізу, қызмет көрсетудің жоспарлы түрлерін орындау, вагондарды пайдаланудан алу кезінде және қызмет көрсетуді жүргізу кезінде вагондардың артық тұруына талдау жасау, вагондардың артық өсуі кезінде жол берілген ысыраптар, ысыраптардың себептері және оларды жою жөніндегі шараларды жоспарлау;
- жолаушылар поездарын сапалы қабылдауды ұйымдастыруға бағытталған жолаушылар вагондарын қабылдаушылардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау;
- Учаскенің жолаушылар вагондарын жазғы және қысқы тасымалдарға дайындауды жоспарлауды ұйымдастыру және бақылау және жолаушылар вагондары паркінің тасымалдауға дайындығы бойынша комиссиялық тексерулер жүргізу;
- ҚР-дағы «Patentes Talgo S.L». филиалымен үйлестіру және өзара іс-қимыл;
- ҚР-дағы «Patentes Talgo S.L». өкілдерімен жолаушылар вагондарының техникалық жай-күйін комиссиялық тексеруді ұйымдастыру және жүргізу және жол жүру, тоқтап тұру паркінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
- Тальго ТТБ базасының жол шаруашылығын комиссиялық тексерулерге ЖБ қызметкерлері мен PTSL жауапты қызметкерлерінің қатысуымен станция бастығының қатысуы;
- «Тальго», «Тұлпар Тальго» фирмалары вагондарының тораптары мен элементтерін жөндеу кезінде техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстарға және IM2, IM3, IM4 техникалық қызмет көрсетудің ірі түрлеріне құрамды сапарға қабылдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Учаскенің жауапты қызметкерлерінің техникалық қызмет көрсетуінен кейін жолаушылар вагондарын сапасыз қабылдауының жолын кесу жөнінде шаралар қабылдау;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Құқықтану; Экономика; Менеджмент; Қаржы.
- Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігі ұйымдарында кемінде 3 жыл.
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
-
Еңбек заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын ескере отырып, бос жұмыс орнына өтініш берген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды ұсынуыңыз қажет:
- сотталмағандығы туралы анықтама;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама,
-
Егер Сіз басшылық/басқару лауазымына үміткер болсаңыз, байланысты тараптар мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін рекрутердің сұранысы бойынша ұсынылған үлгілерге сәйкес құжаттарды 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынуыңыз қажет.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.